Глубокое ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданған жағдайда салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 қарашадағы № 28/3-VIII шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына сәйкес Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Глубокое ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданған жағдайда төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Глубокое аудандық мәслихатының төрағасы А. Калигожин