Риддер қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы № 32/4-VIII шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т қараңыз.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Риддер қалалық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы 13/7-VIII "Риддер қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" шешімінің (нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8989-16 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім 2026 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі ресми жариялануға тиіс.

      Риддер қалалық мәслихатының төрағасы Е. Нужных