Созақ ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 21 қарашадағы № 221 шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 726-бабына сәйкес,Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Созақ ауданында төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеуді оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде алынған (алынуға жататын) мөлшерлемесін 4% - дан 2% - ға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Созақ аудандық мәслихатының төрағасы О.Жәмиев