БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу және бекіту;";
4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) дене шынықтыру және спорт саласындағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды жүзеге асырады;";
16) тармақша алып тасталсын;
17) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"17) дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын әзірлеу;
18) аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, республикалық және халықаралық спорттық жарыстар өткізу;";
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"20) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелерін халықаралық спорт жарыстарына дайындауды және қатысуын ұйымдастыру және жүзеге асыру;";
20-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"20-4) спорт резервін және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдарына қабылдау үшін спорттың түрлері бойынша спортшылардың жас шамасын, сондай-ақ спорт түрлері бойынша спорттық жарыстарға қатысу үшін ең төменгі жас шамасын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу;";
20-6) тармақша алып тасталсын;
20-8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"20-8) жоғары дәрежелі спортшылармен, жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылармен және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемінің өлшемшарттары мен мөлшерін әзірлеу;";
20-12) және 20-13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"20-12) ұлттық спорт түрлері бойынша аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларымен бірлесіп, халықаралық және республикалық жарыстарды өткізу, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командаларын халықаралық және республикалық спорттық жарыстарға даярлауды және олардың қатысуын ұйымдастыру;
20-13) Қазақстан Республикасының штаттық ұлттық командаларының сандық құрамын әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 20-15), 20-16), 20-17), 20-18), 20-19), 20-20), 20-21), 20-22), 20-23), 20-24), 20-25), 20-26) және 20-27) тармақшалармен толықтырылсын:
"20-15) спорттың ойналатын түрлері бойынша кәсіби спорт клубтарын күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының лимиттерін әзірлеу;
20-16) спорт аттарын тіркеу, есептен шығару және пайдалану қағидаларын әзірлеу;
20-17) әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорт түрлерін дамытуға басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы уәкілетті органымен, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарымен келісу бойынша әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорт түрлерінің тізбесін әзірлеу;
20-18) дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды даярлауды, қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және аттестаттауды жүзеге асыру;
20-19) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай қамтылым төлемдерінің мөлшерін әзірлеу;
20-20) спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын республикалық спорт объектілерін, дене шынықтыру-спорт ұйымдарын салуды және реконструкциялауды ұйымдастыру;
20-21) еңбек жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын әзірлеу;
20-22) мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын әзірлеу;
20-23) республикалық мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу;
20-24) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждеріне және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына оқуға қабылдау қағидаларын әзірлеу;
20-25) дене шынықтыру және спорт саласындағы нысаналы индикаторлардың тізбесін бекіту;
20-26) дене шынықтыру және спорт саласындағы нысаналы индикаторлардың көрсеткіштерін жыл сайын жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізу;
20-27) спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесін және өңірлер бөлінісінде спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін айқындау қағидаларын әзірлеу;";
28), 29) және 30) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"28) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командаларын спорттық іс-шараларға даярлауды медициналық қамтамасыз етуге қатысу;
29) ұлттық спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асыру;
30) Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілерін өткізу қағидаларын әзірлеу;";
34) тармақша алып тасталсын;
34-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"34-1) халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне ақшалай көтермелеудің мөлшерін әзірлеу;";
35) тармақша алып тасталсын;
38) және 39) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"38) спорт түрлері бойынша кешенді нысаналы бағдарламаларды және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының спортшыларын даярлаудың жеке жоспарларын бекіту;
39) аккредиттелген ұлттық федерациялардың ұсыныстары бойынша жаттықтырушылар және спорт төрешілерін аттестаттаудан өткізу қағидаларын әзірлеу;";
47), 48), 49), 50) және 51) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"47) аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларының ұсынуымен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және штаттық ұлттық командаларының құрамын жыл сайын бекіту;
48) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және штаттық ұлттық командаларының, Қазақстан Республикасы командаларының және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана командаларының құрамдарын қалыптастыру қағидаларын бекітеді;
49) аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларының ұсынуымен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының бас жаттықтырушыларын және спорт түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушыларды лауазымға тағайындау және лауазымнан босату;
50) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу қағидаларын әзірлеу;
51) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелері халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақаттар алған және мертіккен кезде оларға өтемақы төлемдерін төлеуді жүзеге асыру;";
55) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"55) ұлттық аккредиттелген спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесін бекіту және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;";
58) тармақша алып тасталсын;
59) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"59) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақшаны жұмсау қағидаларын әзірлеу;";
66) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"66) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командаларын Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарына және басқа да халықаралық жарыстарға даярлау жөніндегі ұйымдастыру комитеттерінің құрамдары бойынша ұсыныстар енгізу;";
68) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"68) спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесін және өңірлер бөлінісінде спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін, сондай-ақ оларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру тәртібін әзірлеу;";
69) және 70) тармақшалар алып тасталсын;
75) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"75) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі қағидаларды әзірлеу;";
77) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"77) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларын әзірлеу;";
87) және 88) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"87) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар арасындағы ұлттық командаларын халықаралық спорттық жарыстарға, оның ішінде Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындарға және Дүниежүзілік арнайы олимпиадалық ойындарға даярлауын және олардың қатысуын ұйымдастыру;
88) Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілерін орындау жөніндегі жұмысқа басшылық ету және оны бақылау;".
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ресми жариялау және оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушы |
С. Жарасбаев |