Қызылқоға ауданының 2026 жылға арналған оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2025 жылғы 27 қарашадағы № 35-2 шешімі

      Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 726-бабына сәйкес, Қызылқоға ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылқоға ауданының оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері 2026 жылға 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жарияланады.

      Аудандық мәслихат төрағасы Т. Бейсқали