БҰЙЫРАМЫН:
1. "Резидентура бағдарламаларының медициналық мамандықтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № ҚР ДСМ-43 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22844 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген резидентура бағдарламаларының медициналық мамандықтар тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Әлназарова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
Бұйрыққа қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № ҚР ДСМ-43 бұйрығына қосымша |
Резидентура бағдарламаларының медициналық мамандықтар тізбесі
1. Акушерия және гинекология (ересектер, балалар).
2. Аллергология және иммунология (ересектер, балалар),
2-1. Аллергология және иммунология (балалар).
3. Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар),
3-1. Анестезиология және реаниматология (балалар).
4. Ангиохирургия (ересектер, балалар).
5. Балалар жасындағы стоматология.
6. Балалар хирургиясы.
7. Гастроэнтерология (ересектер, балалар),
7-1. Гастроэнтерология (балалар).
8. Гематология (ересектер).
9. Дерматовенерология (ересектер, балалар).
10. Жалпы хирургия.
11. Жақ-бет хирургиясы (ересектер, балалар),
11-1. Жақ-бет хирургиясы (балалар).
12. Инфекциялық аурулар (ересектер, балалар),
12-1. Инфекциялық аурулар (балалар).
13. Кардиология (ересектер, балалар),
13-1. Кардиология (балалар).
14. Кардиохирургия (ересектер, балалар).
15. Клиникалық зертханалық диагностика.
16. Клиникалық фармакология.
17. Медициналық генетика.
18. Неврология (ересектер, балалар),
18-1. Неврология (балалар).
19. Нейрохирургия (ересектер, балалар).
20. Неонатология.
21. Нефрология (ересектер, балалар),
21-1. Нефрология (балалар).
22. Онкология (ересектер).
23. Онкология және гематология (балалар).
24. Радиациялық онкология.
25. Химиотерапиялық онкология.
26. Ортодонтия.
27. Ортопедиялық стоматология.
28. Отбасы медицинасы.
29. Оториноларингология (ересектер, балалар),
29-1. Оториноларингология (балалар).
30. Офтальмология (ересектер, балалар),
30-1. Офтальмология (балалар).
31. Патологиялық анатомия.
32. Педиатрия.
33. Пластикалық хирургия (ересектер, балалар).
34. Психиатрия (ересектер, балалар).
35. Пульмонология (ересектер, балалар),
35-1. Пульмонология (балалар).
36. Радиология.
37. Ревматология (ересектер, балалар),
37-1. Ревматология (балалар).
38. Сот-медициналық сараптамасы.
39. Төтенше жағдайлар мен апаттар медицинасы.
40. Терапия.
41. Терапиялық стоматология.
42. Травматология-ортопедия (ересектер, балалар),
42-1. Травматология-ортопедия (балалар).
43. Урология және андрология (ересектер, балалар).
44. Физикалық медицина және оңалту (ересектер, балалар).
45. Фтизиатрия (ересектер, балалар).
46. Хирургиялық стоматология.
47. Кезек күттірмейтін медицина (ересектер, балалар).
48. Эндокринология (ересектер, балалар),
48-1. Эндокринология (балалар).
49. Ядролық медицина.
50. Әскери хирургия.
51. Әскери терапия.