"Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 4 қарашадағы № 135 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21680 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар, өздеріне қатысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға жолдама беру қолданылмайтын адамдардағы медициналық қарсы көрсетілімдердің тізімі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық нұсқасын ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

  Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2025 жылғы 4 қарашадағы
№ 135 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 25 қарашадағы
№ ҚР ДСМ-203/2020
бұйрығына 1-қосымша

Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар, өздеріне қатысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға жолдама беру қолданылмайтын адамдардағы медициналық қарсы көрсетілімдердің тізімі

Аурулар

Аурулардың халықаралық жіктемесі бойынша коды -10

1-тарау. Туберкулез

1

Деструктивтік және бациллярлық нысандары бар туберкулез

А15 - А19

2-тарау. Көбінесе жыныстық жолмен берілетін инфекциялар

2

Мерездің кеш нысандары

А52

3-тарау. Адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауру

3

Адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған, қатерлі ісіктер түрінде, терминалдық сатыда, көптеген аурулардың көріністерімен пайда болатын ауру

В20 – В24

4-тарау. Қатерлі ісіктер

4

Қатерлі ісіктер

С00 - С97

5-тарау. Қан, қан өндіру ағзаларының аурулары және иммундық механизмді қамтитын жеке бұзылулар

5

Декомпенсацияның орташа және ауыр дәрежесіндегі иммундық механизмді тартатын қан, қан өндіру ағзаларының аурулары және жекелеген бұзылулар

D50 - D89

6-тарау. Эндокриндік жүйе аурулары, тамақтанудың бұзылуы және зат алмасудың бұзылуы

6

Уытты емес зобтың басқа түрлері

Е04

7

Тиреотоксикоз [гипертиреоз]

Е05

8

Комамен инсулинге тәуелді қантты диабет

Е10.0

9

Кетоацидозбен инсулинге тәуелді қантты диабет

Е10.1

10

Көптеген асқынулары бар инсулинге тәуелді қантты диабет

Е10.7

11

Комамен инсулинге тәуелсіз қантты диабет

Е11.0

12

Кетоацидозбен ІІ типті қантты диабеті

Е11.1

13

Көптеген асқынулары бар инсулинге тәуелсіз қант диабет

Е11.7

7-тарау. Психикалық және мінез-құлықтық бұзылушылықтар

14

Тамырлы деменция

F01

15

Басқа бөлімдерде жіктелген анықталған басқа аурулардағы деменция

F02.8

16

Анықталмаған деменция

F03

17

Алкогольге немесе басқа психикаға белсенді әсер ететін заттарға байланысты емес органикалық амнестикалық синдром

F04

18

Органикалық галлюциноз

F06.0

19

Органикалық кататоникалық бұзылушылық

F06.1

20

Органикалық сандырақтық (шизофренияға ұқсас) ауруы

F06.2

21

Мидың ауруы, зақымдануы және дисфункциясы салдарынан басқа органикалық тұлғалық және мінез-құлықтық бұзылушылықтары

F07.8

22

Делириймен алкогольдік абстиненттік жағдай

F10.4

23

Шизофрения - үздіксіз және ұстамаға ұқсас прогредиенттік ағым типі бар, (тұрақты) жеке басының кемістігі бар барлық түрлері

F20

24

Басқа созылмалы сандырақтық бұзылулар

F22.8

25

Шизоэффективті бұзылулар

F25

26

Психотикалық белгілері бар маниакалдық эпизод

F30.2

27

Биполярлық аффективтік бұзылулар

F31

28

Психоз симптомдары белгілері бар ауыр депрессиялық эпизод

F32.3

29

Көңіл-күйдің қайталанатын депрессиялық бұзылуы

F33

30

Жеңіл, орташа және ауыр ақыл-ой кемістігі

F7

8-тарау. Нерв жүйесінің аурулары

31

Негізінен орталық нерв жүйесін зақымдайтын жүйелік атрофиялар

G10 - G13

32

Экстрапирамидалық және басқа да қозғалыс бұзылулары

G20 - G26

33

Нерв жүйесінің басқа дегенеративті аурулары

G30 - G32

34

Орталық нерв жүйесінің демиелинизациялық аурулары

G35-G37

35

Эпизодтық және пароксизмальды бұзылушылықтар

G40 - G47

36

Полиневропатиялар және перифериялық нерв жүйесінің басқа да зақымданулары (кодтар)

G60 - G64

37

Орталық нерв жүйесінің басқа бұзылыстары

G 96.8

G 96.9

9-тарау. Көз және оның қосалқы аппаратының аурулары

38

Тамырлы қабық пен тордың аурулары

Н30 - Н34

39

Бастапқы жабық бұрышты глаукома

H40,2

40

Көру нерві мен көру жолдарының аурулары

Н46 - Н48

41

Бинокулярлы соқырлық

H54.0

42

Көрудің бинокулярлы жеңіл бұзылуы немесе оның болмауы

H54.3

43

Басқа менингококк инфекциялары

A39.8

10-тарау. Қанайналым жүйесінің аурулары

44

II-III дәрежелі қанайналым бұзылған ақаулары бар жүректің созылмалы ревматикалық аурулары.

I05 - I09

45

Жіті миокард инфарктісі

I 21

46

Жіті миокард инфарктісінің кейбір ағымдағы асқынулары

I 23

47

Жүректің жіті ишемиялық ауруының басқа түрлері

I 24

48

Жүректің созылмалы ишемиялық ауруы; ІІ-ІІІ дәрежелі қан айналымы бұзылған инфаркттан кейінгі кардиосклероз

I 25

49

Өкпелік жүрек және өкпе қан айналымының бұзылуы

I 26 - I28

50

Жүректің басқа аурулары (III-IV дәрежелі ФК-мен жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің ауыр бұзылулары бар).

I 30 - I52

51

Жоғары қан қысымымен сипатталатын аурулар (II - III дәрежелі гипертониялық ауру, сондай-ақ жиі криз жағдайлары бар гипертониялық ауру)

I 10-I15

52

Цереброваскулярлық аурулар (ми қан айналымының жіті бұзылуы және парез, паралич, афазия, атаксия құбылыстарымен ми қан айналымының жіті бұзылуынан кейінгі жай-күй), басқа да цереброваскулярлық аурулар

I 60 - I69

53

Айқын білінетін қайтымсыз трофикалық өзгерістері (некроз) және аяқ-қол функцияларының бұзылуы бар артериялардың, артериолалар мен капиллярлардың аурулары

I 70 - I79

11-тарау. Тыныс алу ағзаларының аурулары

54

II - III дәрежелі II - III дәрежелі өкпе функциясының жеткіліксіздігі бар төменгі тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары

J43 - J47

55

II-III дәрежелі өкпе-жүрек функцияларының жеткіліксіздігі бар сыртқы агенттер тудыратын өкпе аурулары.

J60 - J70, J84

12-тарау. Ас қорыту ағзаларының аурулары

56

Асқыну, декомпенсация сатысындағы асқазан-ішек жолдарының аурулары.

К20 - К77

57

Жіті панкреатит

К85

58

Ұйқы безінің басқа аурулары

К86

13-тарау. Тері және тері асты жасушаларының аурулары

59

Асқыну сатысындағы жүйелі дерматоздар

L10 - L14, L98

60

Кәдімгі псориаз

L40.1

14-тарау. Сүйек-бұлшықет жүйесі мен дәнекер тін аурулары

61

II - III дәрежелі ағзалар функциясының бұзылуымен дәнекер тіннің жүйелі зақымдануы

М30 - М36

62

Омыртқа, қабырға, II-III сатыдағы НЖФ-мен ірі буын қозғалғыштығы шектелген спондилопатиялар

М45 - М49

15-тарау. Несеп-жыныс жүйесінің аурулары

63

Бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі бар несеп-жыныс жүйесінің аурулары

N00 - N99

16-тарау. Туа біткен ауытқулар (даму), деформациялар және хромосомалық бұзылулар

64

Декомпенсация немесе асқыну сатысындағы қанайналым жүйесінің туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері)

Q20 - Q28

65

Декомпенсация немесе асқыну сатысындағы тыныс алу ағзаларының туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері)

Q30 - Q34

66

Декомпенсация немесе асқыну сатысындағы ас қорыту ағзаларының туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері)

Q38 - Q45

67

Декомпенсация немесе өршу сатысындағы жыныс мүшелерінің туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері)

Q50 - Q56

68

Декомпенсация немесе өршу сатысындағы несеп жүйесінің туа біткен ауытқулары (даму)

Q60 - Q64

69

Туа біткен ауытқулар (даму кемістіктері) және декомпенсация немесе өршу сатысындағы сүйек-бұлшықет жүйесінің қисаюлары

Q65 - Q79

70

Декомпенсация немесе өршу сатысындағы басқа да туа біткен ауытқулар (даму кемістіктері)

Q80 - Q89

17-тарау. Жарақаттар, улану және сыртқы себептер әсерінің басқа да салдары

71

Ауыстырып салынған ағзалар мен тіндердің өлуі және қабылданбауы

Т86

      Ескертпе: осы психикаға белсенді әсер ететін заттарды (бұдан әрі – ПБЗ) тұтынумен байланысты психикалық, мінез құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) (бұдан әрі-ПМБ) бар адамдардағы медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесі ПБЗ тұтынумен байланысты ПМБ бар адамдарды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдардағы мәжбүрлеп емдеу бөлімшелеріне қолданылады.