"Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Респу

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 118 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы ҚР ДСМ-75 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №23885 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесінде:

      Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар атты 1-бөлімде:

      реттік нөмірлері 23 және 24-жолдар алып тасталсын;

      Ересектерге арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрілік заттар атты 3-бөлімде:

      реттік нөмірі 1-1-жол келесі редакцияда жазылсын:

      "

1-1

I10- I15

Артериалды гипертензия

Динамикалық байқауда тұрған ересектер

2-4 дәрежелі қауіп; бүйректің созылмалы аурулары кезіндегі симптоматикалық артериялық гипертензия

Индапамид***, таблетка, капсула

C03BA11

Метопролол***, таблетка

C07AB02

Бисопролол***, таблетка

C07AB07

Амлодипин***, таблетка

C08CA01

Кандесартан***, таблетка

C09CA06

Эналаприл***, таблетка

C09AA02

Периндоприл***, таблетка

C09AA04

Периндоприл диуретиктармен комбинацияда***, таблетка

C09BA04

Фозиноприл***, таблетка

C09AA09

Базалық емнің тиімсіздігімен

Моксонидин***, таблетка

C02AC05

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 27-1 және 27-2-жолдармен толықтырылсын

      "

27-1

E23.2

Қанттық емес диабет

Динамикалық байқауда тұрған ересектер

Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері

Десмопрессин, ауызша лиофилизат; таблетка

H01BA02

27-2

E00-E03, E89.0, Е05, Е20

Гипотиреоз/ Гипертиреоз/ Гипопаратиреоз

Динамикалық байқауда тұрған ересектер

Верификацияланған диагноз. Гипотиреоз Верификацияланған диагноз Гипертиреоз Верификацияланған диагноз Гипопаратиреоз

Левотироксин, таблетка

H03AA01

Тиамазол, таблетка

H03BB02

      ";

      18 жасқа дейінгі балалар үшін амбулаториялық деңгейде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрілік заттар, медициналық бұйымдар және арнайы емдік өнімдер атты 4-бөлімде:

      реттік нөмірі 1-1-жол келесі редакцияда жазылсын:

      "

1-1

I10- I15

Артериалды гипертензия

Динамикалық байқауда тұрған балалар

2-4 дәрежелі қауіп; бүйректің созылмалы аурулары кезіндегі симптоматикалық артериялық гипертензия

Индапамид***, таблетка, капсула

C03BA11

Метопролол***, таблетка

C07AB02

Бисопролол***, таблетка

C07AB07

Амлодипин***, таблетка

C08CA01

Кандесартан***, таблетка

C09CA06

Эналаприл***, таблетка

C09AA02

Периндоприл***, таблетка

C09AA04

Фозиноприл***, таблетка

C09AA09

Базалық емнің тиімсіздігімен

Моксонидин***, таблетка

C02AC05

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 19-2 және 19-3-жолдармен толықтырылсын:

      "

19-2

E00-E03, E89.0, Е05, Е20

Гипотиреоз/ Гипертиреоз/ Гипопаратиреоз

Динамикалық байқауда тұрған балалар

Верификацияланған диагноз. Гипотиреоз Верификацияланған диагноз Гипертиреоз Верификацияланған диагноз Гипопаратиреоз

Левотироксин, таблетка

H03AA01

Тиамазол, таблетка

H03BB02

19-3

E23.2

Қанттық емес диабет

Динамикалық байқауда тұрған балалар

Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері

Десмопрессин, ауызша лиофилизат; таблетка

H01BA02

      ";

      сілтеме:

      "* жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      ** бұрын помпалық терапияны алған 18 жасқа дейінгі балалар үшін бір өндірушінің шығын материалдары

      АХЖ -10-оныншы қайта қараудағы аурулардың халықаралық жіктеуіші

      АТХ-анатомиялық-терапиялық-химиялық

      ФК-функционалды клас

      ЖРВИ-жіті респираторлық вирустық инфекция

      ЖПД-жалпы практика дәрігері

      АИТВ-адамның иммунитет тапшылығының вирусы"

      мындай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе:

      * жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      ** бұрын помпалық терапияны алған 18 жасқа дейінгі балалар үшін бір өндірушінің шығын материалдары

      *** дәрілік заттар, оның ішінде бірлесіп төлеу тетігін пайдалана отырып қамтамасыз етілуге жататындары

      АХЖ -10-оныншы қайта қараудағы аурулардың халықаралық жіктеуіші

      АТХ-анатомиялық-терапиялық-химиялық

      ФК-функционалды клас

      ЖРВИ-жіті респираторлық вирустық инфекция

      ЖПД-жалпы практика дәрігері

      АИТВ-адамның иммунитет тапшылығының вирусы".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова