Тереңкөл ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 қарашадағы № 2/36 шешімі

      Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2-тармағымен.

      Қазақстан Республикасының Салық кодексі 726-бабы, Тереңкөл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тереңкөл ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшерін салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 % дан 3 % - ға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Тереңкөл аудандық мәслихатының төрағасы Р. Габидулин