"Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мем

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 28 қарашадағы № 127 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 28 маусымдағы № 59 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларында:

      2-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 51-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "51-1) қаржылық схемаға қатысушылар – "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау жолымен қаржыландыруға ұсынылатын "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша кредит алуға және бөлуге қатысатын заңды тұлғалар;

      мынадай мазмұндағы 68-1), 68-2), 68-3), 68-4), 68-5), 68-6), 68-7) тармақшалармен толықтырылсын:

      68-1) "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы – "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы туралы шарт негізінде жаңа өндірістерді құруды, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуді және (немесе) жаңартуды қоса алғанда, активтерді құруға және (немесе) дамытуға бағытталған дәйекті іс-шаралар жиынтығы;

      68-2) "толық бітіріп берілетін" құрылыстың есептік құны – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық рәсімдерді өткізу және "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарттар жасасу үшін жобалау алдындағы кезеңде айқындалатын құрылыс жобасын іске асыру құны. "Толық бітіріп берілетін" құрылыстың есептік құны ғимараттар мен құрылысжайларды салу құнының объектілердің қуат көрсеткішінің өлшем бірлігіне шаққандағы ірілендірілген көрсеткіштері, желілік құрылысжайдың ұзақтығы және ғимараттың, құрылысжайдың функционалдық мақсаты ескерілетін басқа да техникалық сипаттамалар пайдаланылып айқындалады. Қажет болған кезде ғимараттардың (құрылысжайлардың) конструкциялық элементтері мен жұмыс түрлері (кешендері) құнының ірілендірілген көрсеткіштері (оның ішінде ұқсас объектілердің жобалау-сметалық құжаттамасы негізінде құнның ірілендірілген көрсеткіштері) қолданылады;

      68-3) "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша қаржылық жабу – өнім берушінің жеке немесе заңды тұлғалармен, олардың бірлестіктерімен инвестициялық кезеңде "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасын іске асыру үшін қажетті қарыз қаражатын тартуға келісімдер, шарттар жасасуы және олар бойынша қаржыландыру алуға қол жетімділігі;

      68-4) ""толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша қарыз алушы – "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы үшін кредиттік шартқа сәйкес негізгі борышты өтеу және сыйақы, сондай-ақ басқа да төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді мойнына алатын, мемлекетпен "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы туралы шарттың және "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша кредит алатын кредиттік шарттың тарабы;

      68-5) "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер – Республикалық бюджет комиссиясы немесе жергілікті атқарушы органның бюджет комиссиясы мақұлдаған "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы жасалған шарттар бойынша тапсырыс беруші қабылдаған және орындамаған қаржылық міндеттемелердің белгілі бір күніне тапсырыс берушінің және өнім берушінің бюджеттен бөлінген сома бойынша құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы;

      68-6) "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасының объектісі – "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасын іске асыру шеңберінде жасалатын (соның ішінде жобаланатын және салынатын) және (немесе) қайта жаңғыртылатын, пайдалануға берілетін, сондай-ақ "кілтке тапсырылатын" құрылыс туралы шартқа сәйкес тапсырыс берушіге берілетін ғимараттар мен құрылыстар;

      68-7) "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша өнім беруші – онымен жасалған шартта тапсырыс берушінің контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға, оның ішінде консорциум;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. МИЖ мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) бюджеттік инвестициялар;

      2) МЖӘ жобалары;

      3) мемлекеттік кепілдікпен берілген мемлекеттік емес қарыздар есебінен квазимемлекеттік сектор субъектілері іске асыратын жобалар;

      4) Кодекстің 59-бабының 3-тармағына сәйкес бюджеттен тыс қор, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры есебінен іске асырылатын жобалар;

      5) бюджеттік кредит беру;

      6) "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. МИЖ мыналарға бағытталуы мүмкін:

      1) техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей және техникалық жағынан күрделі емес және (немесе) үлгілік болуы мүмкін объектілерді құру (салуға) және реконструкциялау, сондай-ақ ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту;

      2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы, мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға бюджеттік кредиттеу, квазимемлекеттік сектор субъектісіне берілген мемлекеттік емес қарыз бойынша мемлекеттік кепілдік, заңды тұлғалардың "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларын іске асыруы арқылы жаңа өндірістер құруды, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуді және (немесе) жаңартуды қоса алғанда, саланы (салаларды) институционалдық дамыту.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. МИЖ қаржыландыру тәсілдері:

      1) бюджеттік инвестициялық жобаны, оның ішінде мемлекеттік сыртқы қарыздар қаражаты және республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен қаржыландыру;

      2) бюджеттік кредиттеу;

      3) квазимемлекеттік сектор субъектілердің жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы;

      4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау;

      5) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекет кепілдігімен мемлекеттік емес қарыз тартуы;

      6) "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларын қаржыландыру және олар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Егер Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы туралы ережелерде өзгеше көзделмесе, инвестициялық ұсыныс МИЖ-ді жоспарлаудың негізі болып табылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. МИЖ жоспарлау төрт кезеңмен жүзеге асырылады:

      1) инвестициялық ұсыныстарға сараптамалар әзірлеу және жүргізу;

      2) мемлекеттік инвестициялық жобаның ерекшелігіне байланысты құжаттаманы әзірлеу және мыналар:

      кейіннен техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлей отырып, инвестициялық ұсыныс әзірленетін бюджеттік инвестициялық жоба;

      Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес техникалық тапсырма әзірленетін ақпараттандыру объектілерін құру мен дамытуды көздейтін бюджеттік инвестициялық жоба;

      Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес қажет болған жағдайда техникалық-экономикалық негіздемелері әзірленетін, тартылған үкіметтік қарыздар есебінен қаржыландырылатын жобалар;

      техникалық-экономикалық негіздеме әзірленетін мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыз;

      заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар, осы Қағидаларға сәйкес қаржылық-экономикалық негіздемелер әзірленетін қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы үшін бюджеттік кредиттеу бойынша сараптама жүргізу;

      құрылыс жобасын Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобалар тізбесіне жатқызу жағдайын қоспағанда, "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасына инвестициялық ұсыныс және техникалық-экономикалық негіздеме әзірленеді. Қажет болған жағдайда техникалық-экономикалық негіздеменің орнына тапсырыс беруші техникалық тапсырманы әзірлейді және "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасының есептік құнын бекітеді;

      құрылыс жобасын Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобалар тізбесіне жатқызу жағдайын қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері іске асыратын "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасына инвестициялық ұсыныс және техникалық-экономикалық негіздемесі бар қаржылық-экономикалық негіздеме ұсынылады. Қажет болған жағдайда техникалық-экономикалық негіздеменің орнына тапсырыс беруші техникалық тапсырманы әзірлейді және "толық бітіріп берілетін" құрылыстың есептік құнын бекітеді;

      3) бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыруы;

      4) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалар әкімшілері іріктеп алған ұсыныстардың негізінде бюджетті жоспарлау сатысында мемлекеттік инвестициялық жобаларды айқындауы.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру кезінде мынадай талаптар сақталуға тиіс:

      мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың бастапқы кезеңі, мерзімдері мен қаржыландыру көлемдері, сондай-ақ олар бойынша сатып алуларды жүзеге асыру мерзімдері мен көлемдері белгіленген тәртіппен бекітілген құжаттамада көрсетілген мерзімдер мен қаржыландыру көлемдеріне сәйкес болуы тиіс;

      құрылыс қызметі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;

      іске асыру мерзімі бір жылдан астам, бюджет жобасына енгізілетін мемлекеттік инвестициялық жобалардың қаржыландыру көлемі "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларын қоспағанда, белгіленген тәртіппен бекітілген құжаттамада көрсетілген оның құнының үштен бірінен төмен болмауға тиіс;

      құрылыс қызметі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Жаңа объектілерді салуға арналған инвестициялық ұсынысты әзірлеу техникалық-экономикалық негіздемелерді, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік құрылыс жобалары банкінен үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы қолдана отырып жүзеге асырылады.

      "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша қажет болған жағдайда техникалық-экономикалық негіздеменің орнына тапсырыс беруші техникалық тапсырманы әзірлейді және "толық бітіріп берілетін" құрылыстың есептік құнын бекітеді.

      "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша тапсырыс берушілер мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар мен дауыс беруші акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар болып табылады."

      "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары мынадай түрлерге бөлінеді:

      "бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру көзделген жобалау, сатып алу және іске асыру (құрылыс және (немесе) реконструкция) бойынша жұмыстар кешенін жүргізу;

      "толық бітіріп берілетін" құрылыс объектісін пайдалануға беру актісіне қол қойылған күннен бастап 15 жылға дейінгі мерзімде мемлекеттік міндеттемелерді орындау көзделетін жобалау, сатып алу және іске асыруды (құрылыс және (немесе) реконструкция) өнім берушінің қаражаты есебінен қаржыландыру жоспарланған жұмыстар кешенін жүргізу.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. МИЖ инвестициялық ұсыныстары мынадай құжаттарды қамтиды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық ұсыныстың ақпараттық парағы;

      2) инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасының қорытындысы;

      3) жобаның қаржылық-экономикалық моделінің базалық параметрлері және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша жобаны іске асырудан экономикалық тиімділіктің көрсеткіштерін есептеу;

      4) "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларын қоспағанда, құрылыс нормативтеріне не коммерциялық ұсыныстарға сәйкес МИЖ құнының есеп-қисаптары мен негіздемелері;

      5) хат – МИЖ-ді іске асыру шеңберінде құрылуы жоспарланған жұмыс орындарының саны бойынша деректердің негізділігін растайтын еңбек және жұмыспен қамту саласындағы орталық уәкілетті органның инвестициялық ұсынысты келісуі;

      6) егер бюджеттік инвестициялық жоба инвестициялық ұсыныстың ТЭН-ін әзірлеуді талап етпесе, жобалауға арналған техникалық тапсырма қосымша ұсынылады;

      6-1) егер МИЖ "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары түрінде іске асыру жоспарланған жағдайда инвестициялық ұсынысқа техникалық тапсырма және тапсырыс беруші бекіткен "толық бітіріп берілетін" құрылыстың есептік құны қосымша ұсынылады;

      7) БИЖ ТЭН-ін, Инвестициялар ҚЭН-ін, ТЭН-ді не бюджеттік кредиттеудің ҚЭН-ін түзеткен жағдайда:

      БИЖ ТЭН не Инвестициялардың ҚЭН-і бойынша техникалық шешімдердің және (немесе) қосымша шығыстардың болжамды өзгерістері көрсетілген салыстырма кесте, сондай-ақ бекітілген БИЖ ТЭН не Инвестициялардың ҚЭН (жаңа объектiлердi құруға (салуға) не бар объектiлердi реконструкциялауға бағытталған Инвестицияларды жүзеге асыру кезінде бекітілген Инвестициялар ҚЭН-інің құрамында бекітілген ТЭН (осы Қағидаларға сәйкес әзірленген) немесе бекітілген жобалау-сметалық құжаттама (бұдан әрі – ЖСҚ) ұсынылады;

      құрамдауыштар және оларды әзірлеу мерзімдері бөлінісінде БИЖ ТЭН-ін не Инвестициялар ҚЭН-ін, бюджеттік кредиттеудің ТЭН-ін не ҚЭН-ін түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу құнының есеп-негіздемесі;

      егер МИЖ шет мемлекеттердің аумағында іске асырылатын жағдайда оның аумағында осы жоба іске асырылатын мемлекеттің құрылыс саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген көрсетілген заңнаманың мәтінін қоса бере отырып, мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудармасын қамтамасыз ете отырып, МИЖ-дің бастапқы және түзетуге ұсынылатын құнын растайтын тиісті құжаттар ұсынылады;

      бұрын бекітілген бюджеттік инвестициялар ТЭН-інің және (немесе) ЖСҚ-сының жобалық шешімдеріне енгізілетін болжамды өзгерістердің орындылығы туралы ведомстводан тыс кешенді сараптаманың хаты;

      бекітілген БИЖ-дің ТЭН-інде не Инвестициялардың ҚЭН-інде, бюджеттік кредиттеудің ТЭН-інде не ҚЭН-інде көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу не қол жеткізбеу туралы ақпаратты қамтитын, оның ішінде бөлінген бюджет қаражатын толық игерген кезде қол жеткізбеу себептері көрсетілген түсіндірме жазба;

      8) квазимемлекеттік сектор субъектілері заңды тұлғалардың активтерін, атап айтқанда жарғылық капиталының үлестерін сатып алған жағдайда:

      егер активтердің құны ағымдағы бағамен 1300000 (бір миллион үш жүз мың) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын болса, тәуелсіз бағалау компаниялары;

      егер активтердің құны ағымдағы бағамен 1300000 (бір миллион үш жүз мың) айлық есептік көрсеткіштен асатын болса, халықаралық кәсіптік бағалаушылар ұйымдары дайындаған осы активтердің құнын бағалаудың қорытындысын ұсыну қажет;

      9) егер ББӘ МИЖ-ді заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайту арқылы іске асыруды ұсынған жағдайда, электрондық порталға, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық жеткізгіште ұсынылатын бес жылдық кезеңге арналған іске асырылған, іске асырылып жатқан және іске асырылуы жоспарланған инвестициялық жобалар бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісінің инвестициялық картасы қосымша ұсынылады;

      10) акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) 50%-нан астамы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастырған жағдайда, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің нормаларына сәйкес монополияға қарсы органның шешімі қосымша ұсынылады;

      11) заңды тұлға жоспарланатын кезең алдындағы кезеңдерде шығынды болған жағдайда заңды тұлғаның атқарушы органы бекіткен заңды тұлғаны қаржылық-экономикалық сауықтыру жоспары ұсынылады;

      12) аяқталмаған құрылыс объектісін аяқтауға бағытталған бюджеттік инвестицияларды іске асырған жағдайда техникалық зерттеп-қараумен және техникалық қадағалау қорытындысымен расталған аяқталмаған құрылыстың жай-күйі туралы мәліметтер қосымша ұсынылады.";

      мынадай мазмұндағы 25-1, 25-2, 25-3, 25-4 және 25-5-тармақтармен толықтырылсын:

      "25-1. "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасы (бұдан әрі – ЭКСЖ) шеңберінде іске асырылатын "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша тиісті бюджеттен қаржыландыру қажеттілігі туындаған жағдайда осы Қағидалардың 25-тармағының 1), 2) және 6-1) тармақшаларында көзделген құжаттарды, сондай-ақ табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті органдардың, ЭКСЖ айқындаған техникалық және қаржы операторларының қорытындыларын қамтитын инвестициялық ұсыныс әзірленеді.

      25-2. Егер "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы табиғи монополиялар салаларына жататын болса, табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган МИЖ инвестициялық ұсынысының ББӘ әзірленгенге дейін табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы" Заңына сәйкес бекітеді.

      25-3. ББӘ-нің қаржылық-экономикалық негіздемені әзірлеп, қажетті сараптамадан өту қорытындысы бойынша табиғи монополия саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орган ББӘ-ге "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша өнім берушіні іріктеу жөнінде одан әрі конкурстық рәсімдер өткізу мақсатында тиісті тарифті ұсыну туралы кепілдік хат жолдайды.

      25-4. "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша ақпараттандыру объектілері болған кезде жобада көзделген технологиялық, техникалық шешімдерді, оның ішінде іске асыру кестесін бағалау ақпараттандыру туралы заңнаманың талаптарына сәйкестігіне де жүргізіледі. Егер "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы ақпараттық жүйелер құруды көздейтін болса ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жобаны қарау кезінде бағдарламалық қамтамасыз етуді мемлекеттік меншікке қабылдаудың орындылығы мәселесін қарайды.

      25-5. "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша тиісті саланың уәкілетті органы салалық сараптама жүргізеді. Егер "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бірнеше салалық мемлекеттік органдардың жауапкершілік саласын қозғаған жағдайда аталған салалық мемлекеттік органдар "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша тиісті салалық сараптамалардың қорытындыларын қосымша ұсынады.

      "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша жүргізілген салалық сараптама нәтижелері бойынша тиісті саланың уәкілетті органдары салалық қорытынды дайындайды.

      "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасының орындылығы, іске асыру мерзімдері, көлемі, құны және іске асыру тетігі мәселелері бойынша сараптамасының нәтижелері, түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу бойынша "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша оң немесе теріс салалық қорытынды дайындалады.";

      3-тарау мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2 және 1-3-параграфтармен толықтырылсын:

      "1-1-параграф. "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларын қаржыландыруға болжанатын мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау"

      34-1. Құрылыс жобасын Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес ТЭН-ді немесе техникалық тапсырманы және құрылыстың бекітілген есептік құнын әзірлеуді талап етпейтін жобалардың тізбесіне жатқызу жағдайын қоспағанда, "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларын қаржыландыру болжанатын МИЖ-ді жоспарлау (бұдан әрі – "толық бітіріп берілетін" құрылысты қаржыландыру бойынша МИЖ) МИЖ және ТЭН инвестициялық ұсынысына бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.

      34-2. "МИЖ инвестициялық ұсынысын әзірлеу және оған қажетті сараптамаларды жүргізу осы Қағидалардың 3-тарауының 1 және 2-параграфтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      34-3. Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және оған қажетті сараптамаларды жүргізу осы Қағидалардың 3 және 4-параграфтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      34-4. Құрылыс жобасын Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобалар тізбесіне жатқызу жағдайын қоспағанда, МИЖ және ТЭН инвестициялық ұсынысына оң экономикалық қорытындылардың болуы "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларын қаржыландыру бойынша МИЖ-ді Кодекстің 149-бабының 3-тармағына сәйкес қалыптастырылатын МИЖ портфеліне енгізу үшін негіз болып табылады.

      34-5. "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларын қаржыландыру бойынша МИЖ жоспарлау Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарттары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің лимиттерін қолданбай жүзеге асырылады.

      34-6. Тиісті бюджеттің жобасына енгізу үшін "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларын айқындауды және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығаруды МИЖ портфелі негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.

      34-7. Өнім берушіні іріктеу жөніндегі конкурс рәсімдері жобаның ерекшеліктеріне қарай Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 19-бабына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-2-бабына, Қазақстан Республикасының "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алулары туралы" Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      34-8. ББӘ тапсырыс беруші болып табылатын "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарт ББӘ мен өнім беруші арасында жасалады.";

      "1-2-параграф. "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындауды қарыжалындыру тәсіліндегі мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау.

      34-9. Мемлекеттік міндеттемелерді қабылдай отырып, "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасының ерекше белгілеріне:

      1) мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және өнім берушінің қарым-қатынастарын "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарт жасасу жолымен құру;

      2) "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдаудың ең ұзақ мерзімі "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасының ерекшеліктеріне байланысты 3 жылдан 15 жылға дейін;

      3) өнім берушінің "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасын іске асыру үшін инвестицияларды жүзеге асыруы және инвестициялық шығындарды және/немесе операциялық шығыстарды төлей отырып, "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдауы (қажет болған жағдайда);

      4) "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша объектіні жобалау, салу, пайдалануға беру кезеңдерін қоса алғанда, инвестициялық кезеңнің болуы жатады.

      Пайдалануға беруге тапсырыс берушінің объектіні пайдалануға қабылдау актісін бекітуі және оны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамында тіркеуі арқылы "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасының объектісін пайдалануға енгізу кіреді.

      34-10. Мемлекеттік міндеттемелерді қабылдай отырып, "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасын жоспарлау ББӘ-нің оң салалық қорытындысына және өзге де қорытындылар мен сараптамаларға сәйкес мемлекеттік міндеттемелерді қабылдай отырып, "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасын іске асырудың орындылығы туралы МИЖ-дің инвестициялық ұсынысына бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытындысы, сондай-ақ жобаның ерекшелігіне байланысты осы Қағидалардың 25-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар болған кезде жүзеге асырылады.

      34-11. Техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу және оларға қажетті сараптамаларды жүргізу осы Қағидалардың 3-тарауының 4, 5, 10 және 11-параграфтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      34-12. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдауы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына, Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      34-13. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша қабылдайтын мемлекеттiк мiндеттемелерiнiң көлемi Қазақстан Республикасының Үкiметi мен тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттiк мiндеттемелерiнiң лимиттерiмен шектеледi.

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттiк мiндеттемелерiнiң лимиттерi республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiледi.

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттiк мiндеттемелерiнiң лимиттерiн айқындау әдiстемесiн бюджет саясаты жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бекiтедi.

      34-14. "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау өнім берушіні айқындау жөніндегі конкурс рәсімдерін жариялауға дейін Республикалық бюджеттік комиссияның немесе жергілікті атқарушы органның бюджеттік комиссиясының мақұлдауына жатады.

      34-15. "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау Республикалық бюджет комиссиясы немесе жергілікті атқарушы органның бюджет комиссиясы мақұлдаған "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарттарға қол қою арқылы жүзеге асырылады.

      "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер шартта айқындалған сомалар мен мерзімдер шегінде әрбір жекелеген "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша тіркелуге жатады және тиісті бюджет комиссиясының немесе мәслихаттың шешімі бойынша мемлекет міндеттемелерін ұлғайту бөлігінде қайта қарауға жатпайды.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдауды Кодекстің 147-1-бабына сәйкес жүзеге асырады.

      34-16. "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер болмаған жағдайда "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мәселесін тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығару талап етілмейді.

      "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелердің жоқтығын бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе жергілікті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган тиісті хат ресімдеу арқылы растайды.

      34-17. "Толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарттар мемлекеттік қазынашылық немесе мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркелгеннен кейін, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен күшіне енеді.

      "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы туралы шарттың сомасы мемлекеттің міндеттемелерін ұлғайту жағына қарай қайта қаралмайды.

      34-18. "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларын қаржыландыру және "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша инвестициялық шығыстарды өтеуге бағытталған "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекет міндеттемелерін орындау көлемі "толық бітіріп берілетін" құрылыс объектісін салу және (немесе) реконструкциялау құнынан аспауы тиіс.

      Мемлекеттің "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша міндеттемелеріне тартылатын қарыз қаражаты "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша объектілерді құруға (реконструкциялауға) ғана пайдаланылады.

      "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау бойынша есеп айырысуға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлеме, оған қоса конкурстық өтінім берілген күнге 2 (екі) пайыздық тармақ қабылданады.

      "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша кірістіліктің ішкі нормасының (IRR) жол берілетін шекті мөлшері өнім берушінің шығындарды өтеуі мен кірістерді алуы мемлекеттік міндеттемелер бойынша төлемдермен қамтамасыз етілетін "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары үшін дисконттау мөлшерлемесіне қосылған3 (үш) пайыздық тармаққа тең.

      34-19. "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасын жоспарлаған кезде бір жобаның кезеңдерін бірнеше "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларына бөлуге жол берілмейді.

      Уәкілетті тұлғалар/Тапсырыс беруші "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша техникалық, қаржылық, заңдық шешімдерді қалыптастыруға кешенді тәсілді қамтамасыз етеді.

      34-20. Өнім берушіні іріктеу жөніндегі конкурстық рәсімдер Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 19-бабына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-2-бабына, Қазақстан Республикасының "Квазимелекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      34-21. "Толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарт ЭКСЖ шеңберінде іске асырылатын "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдаған кезде не тапсырыс беруші мемлекеттік қатысуы бар табиғи монополия субъектісі не квазимемлекеттік сектор субъектісі болып табылатын жағдайларда ББӘ, тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында жасалады.

      34-22. "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларын қаржыландыру кезінде өнім берушіні кезең-кезеңімен (траншты) қаржыландыру ұсынылады.

      34-23. "Толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарттардың түпнұсқалары ББӘ-нің сақтау үшін жауапты құрылымдық бөлімшесінде арнайы бөлінген сейфте сақталады.;

      1-3-параграф. Мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау үшін "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасының құнын айқындау

      34-24. Мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау, оның ішінде қарыздар тарту үшін "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасының құнын айқындау өнім берушінің қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша объектіні құру құнын есептеудің бірыңғай талаптарын, инвестициялық және/немесе операциялық шығындарды, сондай-ақ өнім берушінің қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша шығындарды өтеудің және кіріс алудың болжамды көлемдерін сақтай отырып жүзеге асырылады.

      34-25. Өнім берушінің қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларының объектісін құру құны "толық бітіріп берілетін" құрылыстың есептік құнына сәйкес есептелген инвестициялар көлемі ретінде айқындалады.

      34-26. Өнім берушінің қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша міндеттемелерді қабылдаудың болжамды көлемдерін есептеу қаржылық-экономикалық модельді пайдалану арқылы жүргізіледі.

      34-27. Қаржылық-экономикалық модельді әзірлеу кезінде мынадай:

      1) жоба мемлекеттік қолдаудың болмауы/болуы жағдайында іске асырылады;

      2) жоба коммерциялық көздерден қарыз алудың нарықтық құны (пайыздық мөлшерлеме) бойынша не жеңілдікпен қарыз алу арқылы қаржыландырылады;

      3) қаржылай қолдау шаралары сияқты жорамалдар пайдаланылады.

      Қаржылық-экономикалық модель шеңберінде жобаның таза дисконтталған құны (бұдан әрі – базалық NPV) есептеледі.

      Жобаның базалық NPV көрсеткіші теріс болған жағдайда "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы заңнама ережелері, "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің белгіленген лимиттері, пайдалар мен шығындардың арақатынасын, институционалдық схема және "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасының коммерциялық тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасының өзге де ерекшеліктері сақтала отырып, базалық қаржылық-экономикалық модельге өнім берушінің шығындарын өтеуді қосу және табыс алу тетіктерін енгізу арқылы кеңейтілген қаржылық-экономикалық модель әзірленеді.

      34-28. Өнім берушінің шығындарды өтеуі мен кіріс алуы мемлекеттік міндеттемелер бойынша төлемдер арқылы қамтамасыз етілетін "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары үшін "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша ішкі кірістілік нормасының (IRR) рұқсат етілетін шекті мөлшері дисконттау мөлшерлемесіне + (қосу) 3 (үш) пайыздық тармаққа тең.

      34-29. Өнім берушінің қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылған "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасын жоспарлау кезеңінде "толық бітіріп берілетін" құрылыс объектісін құру кезінде болжамды инвестициялар мөлшері өнім берушінің барлық шығыстарының сомасы ретінде келесі формула бойынша айқындалады:

      I – "толық бітіріп берілетін" құрылыс объектісін құру кезіндегі инвестициялардың болжамды мөлшері;

      t – "толық бітіріп берілетін" құрылыс объектісін құру кезеңі (жылы);

      n – "толық бітіріп берілетін" құрылыс объектісін құру ұзақтығы;

      Ct – t кезеңінде "толық бітіріп берілетін" құрылыс объектісін құруға өнім берушінің барлық шығындарының жиынтық мөлшері;

      С_t=С_(t смр)+С_(t сыйақы)+С_(t сақ)+С_(t өзге) (2), мұндағы:

      1) Ct cрм – "толық бітіріп берілетін" құрылыс объектісін құруға арналған t кезеңіндегі шығыстар Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 707 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12527 болып тіркелген) Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылыс құнын айқындау қағидаларына сәйкес айқындалады.

      2) Сt сыйақы – келесі формулаға сәйкес айқындалатын сыйақыларға

      t кезеңіндегі шығыстар:

      ∁_(tсыйақы = ) R_(t қарыз)+R_(t облиг)+C_өтін (3), мұндағы:

      Rt қарыз – тартылатын қарыздар бойынша есептелетін сыйақылар, олар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі + (қосу) 2 (екі) пайыздық тармақ бойынша есептеледі.

      Шетелдік капитал тартылған жағдайда сыйақы төлеуге арналған шығыстар EURIBOR мөлшерлемесін (European Interbank Offered Rate – еуропалық банкаралық ұсыныс мөлшерлемесі – еурода берілетін банкаралық кредиттер бойынша орташа пайыздық мөлшерлеме, бұдан әрі – Euribor) + (қосу) 2 (екі) пайыздық тармақты ескере отырып есептеледі.

      Rt облиг – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикасы министрлігінің ресми интернет-ресурсында (http://economy.gov.kz) орналастырылған әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің тиісті мақұлданған болжамына және облигациялар айналысының бүкіл мерзімі ішінде қолданылатын тіркелген маржаға сәйкес есеп айырысу сәтіндегі қаржылық-экономикалық модельде болжанатын инфляция (тұтыну бағалары) деңгейі ретінде айқындалатын "толық бітіріп берілетін" құрылыс объектісін құру кезеңінде инфрақұрылымдық облигациялар (оларды шығару қажет болған кезде) бойынша есептелетін сыйақылар;

      Cөтін – кредиттік өтінімді қарауға арналған шығыстар;

      3) Сt сақ – "толық бітіріп берілетін" құрылыс объектісін құруға байланысты сақтандырудың барлық түрлеріне t кезеңіндегі шығыстар;

      4) Сt өзге – t кезеңіндегі мынадай формулаға сәйкес айқындалатын өзге де шығыстар:

      С_(t өзге)=С_(t тарту)+С_(t облиг)+С_(t ком)+С_(t лиц)+С_(t бюд)+С_(t ауд) (4), мұндағы:

      Сt тарту – KazPrime индикаторын қалыптастыру туралы KASE ("Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының ресми тізімі) келісіміне қатысушы банктердің көрсетілетін қызметтеріне орташа тарифтер ретінде айқындалатын қарыздарды тарту бойынша шығыстар (KazPrime индикаторы қазақстандық банкаралық депозиттер нарығында ақшаны орналастыру мөлшерлемелері бойынша орташа мәнді көрсетеді). Тарифтер жария ақпарат болып табылады және тиісті қаржы ұйымдарының интернет-ресурстарында орналастырылған;

      Сt облиг – нарықты зерттеп-қарау нәтижелері бойынша тиісті көрсетілетін қызметтердің нарықтық бағасына сәйкес инфрақұрылымдық облигациялар шығаруды ұйымдастыру (қажет болған жағдайда оларды шығару);

      Сt ком – банктің ақылы көрсетілетін қызметтері және банктің кепілдік беру көрсетілетін қызметтері нарығын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша банктің кепілдік беру көрсетілетін қызметтерінің нарықтық бағасына сәйкес банктің кепілдіктері бойынша комиссия;

      Сt лиц – "толық бітіріп берілетін" құрылыс объектісін пайдалану басталғанға дейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес көзделген лицензияларды, патенттерді, рұқсаттарды және құжаттарды алу;

      Сt бюд – уәкілетті мемлекеттік органдар алатын міндетті алымдар мен төлемдер;

      Сt ауд – аудиторлық компаниялардың баға ұсыныстарына сәйкес аудиторлық тексерулер;

      34-30. Мемлекеттің инвестициялық шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерін орындау "толық бітіріп берілетін" құрылыс объектісін пайдалануға беру актісі бекітілген және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамында тіркелгеннен күннен бастап "толық бітіріп берілетін" құрылыс объектісін пайдалануға бергеннен кейін жүзеге асырылады.

      Бұл ретте "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шартта белгіленген инвестициялық шығыстарды өтеу жөніндегі мемлекеттік міндеттемелерді төлеу мерзімдерін неғұрлым ертерек кезеңдерге ауыстыруға жол берілмейді.

      34-31. "Толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы жоба бойынша операциялық шығындардың болжамды мөлшерін есептеу кезінде операциялық шығындардың мынадай топтары:

      1) "толық бітіріп берілетін" құрылыс объектісін пайдалануға беруге байланысты шығындар, объектіні пайдалануға беру кезінде бірегей жабдықта жұмыс істеу үшін оқыту;

      2) өзге де операциялық шығындар, оның ішінде: заттай нормалар немесе материалдық қорлар, "толық бітіріп берілетін" құрылыс объектісінің жұмыс істеуі үшін қажетті салалық шығыстар ескеріледі.

      "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша шығындар "толық бітіріп берілетін" құрылыс объектісін құруға байланысты қаржыландыруды ұйымдастыру шығыстарын және қарыздар бойынша сыйақы төлеу шығыстарын қамтиды.";

      231-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "231. Инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде бюджеттік кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі мынадай: соңғы қарыз алушы үшін – қарыз алушылар үшін реттілігімен айқындалады. ББӘ жобаны іске асыруға мүмкіндік беретін кірістілік мөлшерлемесі және қарыз алушылардың маржасына салынатын параметрлердің шамалары бойынша есептер мен негіздемелер ұсынады.

      Инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде түпкілікті қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігі негізге алына отырып, есеп айырысу жолымен белгіленеді және кірістіліктің ішкі нормасының мәніне тең болады.

      Бұл ретте агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне берілетін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін қоспағанда, соңғы қарыз алушы үшін мамандандырылған ұйым белгілейтін сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері бюджеттік кредит мерзіміне сәйкес келетін айналыс мерзімімен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган эмиссиялаған, тиісті мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірістіліктің орташа өлшемді мөлшерлемесінің қайталама бағалы қағаздар нарығындағы операциялардың нәтижелері бойынша алдыңғы тоқсанда қалыптасқан деңгейден төмен емес деңгейде белгіленетін екі еселенген сыйақы мөлшерлемесінен аспайды.

      Мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешуге және қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына бюджеттік кредит беру кезінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге салымшыларға аралық тұрғын үй қарыздарын және алдын ала тұрғын үй қарыздарын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қаржы агенттіктерін қоспағанда, агроөнеркәсіптік кешен саласында инвестициялық жобаларды іске асыруға кредит беру салынатын операциялық шығыстардың шамасын негізге ала отырып айқындалады және жыл сайын бюджеттік кредит сомасынан 0%-дан 1,5%-ға дейін құрайды. Бұл ретте қарыз алушы маржасының құрамында әкімшілік шығыстардың деңгейі жыл сайын бюджеттік кредит сомасының 1%-нан аспайды, тәуекелді бағалау жыл сайын бюджеттік кредит сомасының 1%-нан аспайды.

      Тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй қарыздарын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қаржы агенттіктерінің соңғы қарыз алушысы үшін сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері маржаны ескере отырып, жылдық 9,5%-дан аспайды, агроөнеркәсіптік кешен саласында инвестициялық жобаларды іске асыруға кредит беру маржаны ескере отырып, жылдық 6%-дан аспайды.

      Мемлекеттік кәсіпорын нысанындағы заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестициялар бойынша ТЭН-ге немесе ЖСҚ-ға ведомстводан тыс кешенді сараптаманың нәтижелері бойынша тиісті бюджет жобасына жобаларды іске асырудың жалпы құны енгізіледі.";

      1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту және инвестициялық жобаларды мониторингтеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыру үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 28 қарашадағы
№ 127 Бұйрыққа 1-қосымша
Мемлекеттік инвестициялық
жобаларды жоспарлау және іске
асыру, инвестициялық
ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, бюджеттік кредиттеудің
орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларына 1-қосымша

      Нысан

Инвестициялық ұсыныстың ақпараттық парағы

      1. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі және іске асыруға ұсынылатын мемлекеттік инвестициялық жоба (бұдан әрі – МИЖ) бойынша деректер

      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі __________________________

      МИЖ атауы ____________________________________________

      Мемлекеттік органдардың немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын, құрамында МИЖ іске асыру көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларын және (немесе) іс-шараларын қоса алғанда, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының атауы (нақты тармақтарға сілтемелер).

      Инвестициялар алушы заңды тұлғаның атауы (бар болса)

      МИЖ-ді іске асыру кезеңі (егер белгісіз болса, шамамен көрсету):

      Іске асыру ұзақтығы: ____________ ай

      МИЖ-ді іске асырудың басталуы: жылы: ________ айы: ________

      МИЖ-ді іске асыруды болжамды аяқтау: жылы: ______ айы: __

      МИЖ пайдалану (қызмет) кезеңі

      "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша өнім берушінің болжамды ең жоғары кірістілігі: _____ мың теңге/% (мемлекеттік міндеттемелерді қабылдай отырып, "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары үшін)

      Қарыз алу мөлшерлемесі: _____% (мемлекеттік міндеттемелерді қабылдай отырып, "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары үшін)

      МИЖ-дің жалпы құны: _________ мың теңге, оның ішінде

      (қажет болған жағдайда толтырылады):

      техникалық-экономикалық негіздемені (бұдан әрі – ТЭН) әзірлеу құны: __________ мың теңге

      ТЭН-ді түзету құны: ___________ мың теңге

      Объектіні ұстауға, сондай-ақ инвестициялаудан кейінгі кезеңге арналған жыл сайынғы шығындар (қаржыландыру көзін көрсете отырып)

      МИЖ іске асырылатын орын:

      (МИЖ-ді, оның негізгі құрамдауыштарын іске асыру орнын және МИЖ бойынша шығындарды өңірлер бойынша бөлуді көрсетіңіз)

      Елді мекен (ауыл, аудан, қала, облыс, ел)

      Баланс ұстаушы * (қажет болған жағдайда толтырылады)

      МИЖ үшін бөлінген жердің болуы * (қажет болған жағдайда толтырылады)

      иә (жер учаскесі және ондағы жылжымайтын мүлік соған сәйкес бөлінген шешімнің күні мен нөмірі көрсетіледі);

      жоқ (жер учаскесін сатып алу үшін қажетті сома көрсетіледі).

      4) инженерлік-көлік инфрақұрылымның болуы (теміржол магистральдары, автомобиль жолдары, құбырлар, электр, жылу желілері, су құбырлары, газ құбырлары және басқа инфрақұрылым)

      иә (қандай екені көрсетіледі)

      жоқ (қанша қосымша шығын қажет екені көрсетіледі)

      Ескертпе:

      * жаңа объект құрылған (салынған) жағдайда болашақ меншік иесі көрсетіледі, реконструкцияланған жағдайда қазіргі меншік иесі көрсетіледі

      2. Ретроспектива (МИЖ бойынша, оның ішінде ағымдағы бағдарламалар бойынша бұрын бөлінген және игерілген қаражат туралы ақпарат)

Атауы

Инвестицияларды жүзеге асыру жылының алдындағы жылдар

Бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) нөмірі

20_жыл

20_жыл

20_жыл

Бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы







Бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы







Стратегиялық бағыт

нөмір








атауы







Мақсаты

нөмір








атауы







Міндеті

нөмір








атауы







Бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) сомасы, мың теңге







Бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бекітілген нормативтік құқықтық акт

Түрі








қабылданған күн







нөмір







Нәтиже

Р/с №

Нысаналы индикатор

Өлшем бірлігі

жоспар

факт

жоспар

факт

жоспар

факт

Түпкілікті нәтиже (нәтиже көрсеткіштері)

1.


























      3. Саланы маркетингтік талдау

      1) объектілерді құруды (салуды) және реконструкциялауды болжайтын МИЖ үшін қаралатын өңірде жобада (жобаларда) болжанатын өнімге (тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) қазіргі және перспективалық сұранысты не жобаның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін талдауды көрсетеді.

      2) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту арқылы саланы (салаларды) институционалдық дамытуды болжайтын МИЖ үшін іс-шараларды іске асыру әсер ететін негізгі көрсеткіштерді және даму серпінін көрсете отырып, іс-шараларды іске асыру болжанатын маркетингтік ортаны талдауды көрсетеді.

      4. Іске асыруға болжанатын МИЖ-дің жалпы сипаттамасы (МИЖ-дің жалпы сипаттамасы басым тәртіппен жеке (жобалау бойынша) жазылады)

      МИЖ-дің мақсаты мен міндеттері:

      1) мақсаты (мақсаты Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында белгіленген экономика саласын (аясын) дамытудың неғұрлым кең міндеттерін/басымдықтарын көрсетуі тиіс);

      2) сандық міндеттер (жобаның масштабын ауқымын айқындауға болатын жобаның сандық өлшенетін міндеттерін көрсетіңіз. Белгілі бір сандық көрсеткіштерді, мысалы, жобалық қуатты және басқаларды елестетіңіз);

      3) түпкілікті нәтижелер (жобаны іске асыру нәтижесінде өндірілетін өнімнің/көрсетілетін қызметтің оларды алушылар үшін әсері, сондай-ақ бизнес субъектілеріне (оның ішінде шағын және орта бизнеске) әсері, мемлекеттік органдар тиімділігінің түйінді көрсеткіштері негізінде жобаны іске асырудан экономикалық және әлеуметтік қайтарымның ұзақ мерзімді көрсеткіштеріне қол жеткізу).

      Жобаның негіздемесі: (осы жобаны іске асыру қажеттілігін негіздеңіз; егер жоба іске асырылатын болса, осы саланың көрсеткіші қаншалықты артатынын көрсетіңіз).

      МИЖ сипаттамасы:

      (1 және 2-кестелерге сәйкес жобаның мазмұнын және оның барлық іс-шаралары мен құрамдауыштарын сипаттаңыз)

      1-кесте

Іс-шараны іске асыру кезеңі мен құны

Іс-шаралар мен құрамдауыштардың атауы

Құны,
мың теңге

Құны,
мың теңге

Құны,
мың теңге

Жиыны

1.






1)






2)






2.






1)






2)






Жиыны





      2-кесте

Жекелеген құрамдауыштар мен іске асыру кезеңдері

Сандық көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Жоба бойынша

Құны (мың теңге)

1.





1)





2)





2.





1)





2)





Жиыны




      5. МИЖ-ді басқарудың институционалдық сызбасы

      Негізгі қатысушылардың сипаттамасы, олардың өзара іс-қимыл сызбасы, пайда мен шығындарды бөлу, инвестициялық және инвестициядан кейінгі кезеңдерде жобаны басқару сызбасы, сондай-ақ пайда алушылар (жобаны іске асырудан ұтатын адамдар санын және нысаналы топтарды көрсетіңіз).

      6. Әлеуметтік және экологиялық әсер:

      (жобаның халық пен қоршаған ортаға әсерін қысқаша сипаттаңыз)

      Халықтың жұмыспен қамтылуына әсері (жобаны іске асыруға тікелей немесе жанама тартылатын адамдар санын бағалауды елестетіңіз).

      7. МИЖ-ді қаржыландырудың ықтимал түрлері мен тәсілдері бойынша іске асырудың баламалы нұсқалары.

      Тиісті негіздеуші есептерді қоса бере отырып, МИЖ-ді қаржыландырудың мынадай түрлері мен тәсілдері бойынша іске асыру мүмкіндігін (мүмкін еместігін) сипаттаңыз:

      1) бюджеттік инвестициялық жоба (орындалатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер мен көзделген бюджет қаражаты шегінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемінің сандық сипаттамасы, оларға қол жеткізу толығымен осы функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын немесе қызметтер көрсететін ұйымның қызметіне байланысты болады, әлеуметтік-экономикалық тиімділіктің болуы, балансы ұстаушысы тікелей бюджеттік бағдарламалар әкімшісі болып табылады);

      2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестициялар (орындалатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер және көзделген бюджет қаражаты шегінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемінің сандық сипаттамасы, оларға қол жеткізу толығымен осы функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын немесе Инвестициялар Алушының белгілі бір көлемі мен сапасы бар өнім өндіретін ұйымның қызметіне байланысты болады);

      3) бюджеттік кредит (бюджеттік кредит беру қағидаттарына сәйкестігіне ақпаратты көрсету, оның ішінде: кредиттік шартқа сәйкес бюджеттік кредитті өтеу міндеттілігін көздейтін қайтарымдылық; Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәсілдермен міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің болуын көздейтін қамтамасыз етілу; қарыз алушының бюджеттік кредит бергені үшін сыйақы төлеуін көздейтін ақылылық; бюджеттік кредит беру мерзімін белгілеуді көздейтін мерзімділік);

      4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобасы (ақпараттың сәйкестігін көрсету): "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген МЖӘ қағидаттарын сақтау; МЖӘ сызба бойынша жобаны іске асырудың әлеуметтік тиімділігі; МЖӘ сызба бойынша жобаны іске асырудың экономикалық тиімділігі; МЖӘ сызба бойынша ұсынылатын шешімдердің негізділігі;

      5) мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыз (квазимемлекеттік сектор субъектісінің белгіленген талаптарға сәйкестігіне, оның ішінде бұрын мемлекет кепілдік берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету бойынша берешегінің болмауы және кредиторлар алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы бойынша ақпаратты көрсету) шаруашылық қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмауға тиіс);

      6) жеке инвестициялар (МИЖ-дің жоғары өтімділігіне сәйкес ақпаратты көрсету).

      7) "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы (жобаның Кодексте және осы Қағидаларда көзделген белгіленген талаптарға, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарттары бойынша мемлекеттік міндеттемелер лимиттеріне сәйкестігін көрсету).

      Байланысушы тұлғаның деректемелері

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): ________________________

      Лауазымы: ___________________________________________________

      Бөлімше/ұйым: ____________________________________

      Мекенжайы:__________________________________________________

      Байланыс телефоны: _________________________________________

      Электрондық пошта:______________________________________

      Мөрдің орны (бар болса) _____________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымы қолы ___________

  Қазақстан Республикасы
  Премьер-Министрінің орынбасары –
  Ұлттық экономика министрі
  2025 жылғы 28 қарашадағы
  № 127 Бұйрыққа 2-қосымша
  Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларына 2-қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға
  арналған нысан

      Мына: бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынылады.

      Өтеусіз негізде әкімшілік деректер жинауға арналған нысан https://www.gov.kz/memleket/entities/economy интернет-ресурсында орналастырылған:

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: Жобаның қаржылық-экономикалық моделінің базалық параметрлері ____________________.

      Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанның индексі: 2-ЖҚЭМБП.

      Кезеңділігі: біржолғы.

      Есепті кезең: күн, ай, жыл.

      Өтеусіз негізде әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері.

      Өтеусіз негізде әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: қажеттілігіне қарай.

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі

     



      Жинау әдісі: электрондық түрде.

      1-кесте

Р/с №

Параметр атауы

Параметр мәні

Негіздеме

1

2

3

4

1.

Жобаның жалпы құны

мың теңге


2.

Инвестициялық кезең

жыл


3.

Инвестициядан кейінгі кезең

жыл


4.

Дисконттау мөлшерлемесі (коэффициенті)

%


5.

Инфляция деңгейі

%


6.

Салық мөлшерлемелері

%


7.

Амортизация нормалары



      2-кесте

Атауы

Ескертпе (негіздеме)

20_ жыл

20_ жыл

20_ жыл

n

1.

Экономикалық пайда







1)

Тікелей ақша ағындары








оның ішінде:








жобаны іске асырудан шоғырландырылған бюджетке түсетін түсімдер







2)

Жанама экономикалық пайдалар







2.

Экономикалық шығындар







1)

Инвестициялық шығындар/Инвестициялық шығындарды өтеу *







2)

Пайдалану шығындары/Операциялық шығындардың өтемақысы *







3)

Жанама экономикалық шығындар/Басқару үшін сыйақы *







3.

Таза экономикалық ағынның жиыны







4.

Таза дисконтталған экономикалық ағынның жиыны







5.

Экономикалық таза дисконтталған кіріс (ENPV)







6.

Кірістіліктің экономикалық ішкі нормасы (EIRR)







7.

Өтелімділік мерзімі (РР)







      Атауы Мекенжайы _______________________________________________

      Телефоны _____________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________

      Орындаушы __________________________________ _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

  "Жобаның қаржылық-экономикалық моделінің
базалық параметрлері"
өтеусіз негізде әкімшілік
деректер жинауға арналған
нысанға қосымша

"Жобаның қаржылық-экономикалық моделінің базалық параметрлері" өтеусіз негізде әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индекс: 2-ЖҚЭМБП, кезеңділігі: біржолғы)

      1-кесте бойынша:

      1-бағанда "№" реті бойынша нөмір толтырылады;

      2-бағанда параметрдің атауы толтырылады;

      3-бағанда параметрдің мәні толтырылады;

      4-бағанда негіздеме көрсетіледі;

      1-жолда жобаның жалпы құны мың теңгемен көрсетіледі;

      2-жолда инвестициялық кезең көрсетіледі;

      3-жолда инвестициядан кейінгі кезең көрсетіледі;

      4-жолда қаржылық және экономикалық тиімділік көрсеткіштерінің есептеулерінде қолданылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі көрсетіледі;

      5-жолда қаржылық және экономикалық тиімділік көрсеткіштерінің есептерінде қолданылатын Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясаты және/немесе макроэкономикалық көрсеткіштерінің орта мерзімді болжамына сәйкес инфляция деңгейі көрсетіледі. Бұл ретте инвестициялаудан кейінгі кезең ішінде Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясаты көрсеткіштерінің немесе макроэкономикалық көрсеткіштерінің орта мерзімді болжамына сәйкес көрсетілген соңғы жылға арналған инфляция деңгейі қабылданады;

      6-жолда Қазақстан Республикасының қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес қаржылық және экономикалық тиімділік көрсеткіштерін есептеуде қолданылатын салық мөлшерлемелері көрсетіледі;

      7-жолда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаржылық және экономикалық тиімділік көрсеткіштерін есептеуде қолданылатын амортизация нормалары көрсетіледі.

      2-кесте бойынша:

      Осы нысан МИЖ-ді қаржыландырудың әрбір тәсілі бойынша жеке толтырылады (бюджеттік инвестициялық жоба ретінде, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар ретінде, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы ретінде, бюджеттік кредит ретінде, жеке инвестициялар ретінде, мемлекеттік кепілдіктермен мемлекеттік емес қарыздар есебінен квазимемлекеттік сектор субъектілері іске асыратын жоба ретінде, "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы ретінде).

      1-тармақтың 1) тармақшасында инвестициялаудан кейінгі кезең ішінде жобаны іске асыруға байланысты барлық ақшалай түсімдер мен төлемдер көрсетіледі.

      1-тармақтың 2) тармақшасында жобаны іске асыруға байланысты барлық пайдалар, оның ішінде инвестициялаудан кейінгі барлық кезең үшін айқындалатын экономиканың аралас салаларындағы (аяларындағы) қосымша әлеуметтік-экономикалық, экологиялық әсерлер көрсетіледі. Барлық пайда ақшалай баламада (мың теңге) келтіріледі.

      1-тармақта тікелей ақша ағындары мен жанама экономикалық пайдалардың жиынтық құны көрсетіледі.

      2-тармақтың 1) тармақшасында инвестициялық кезеңдегі барлық ақшалай салымдар ескерілген жобаның құны, оның ішінде жобалау-іздестіру жұмыстарының, жер учаскесін сатып алу немесе жалдау, оны құрылысқа бөлу және игеру құны, аумақты құрылысқа дайындау жөніндегі жұмыстардың және құрылыс-монтаждау жұмыстарының, жабдықтардың құны және басқалары көрсетіледі.

      2-тармақтың 2) тармақшасында объектіні пайдалануға беру сәтінен бастап оны сүйемелдеуге және/немесе ұстауға бағытталған барлық ақшалай шығындар көрсетіледі.

      2-тармақтың 3) тармақшасында барлық болжамды шығындар, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және пайдалану шығындарын қоспағанда, жобаны іске асырудың салдарларына байланысты экономиканың аралас салаларындағы (аяларындағы) шығындар көрсетіледі. Барлық шығындар ақшалай баламада (мың теңге) келтіріледі.

      2-тармақта инвестициялық және пайдалану шығындарының, жобаның жанама экономикалық шығындарының жиынтық құны көрсетіледі.

      3-тармақта экономикалық пайдалар мен шығындар арасындағы айырмашылық көрсетіледі.

      4-тармақта таза экономикалық ағынды коэффициентке көбейту жолымен алынған шамалар көрсетіледі, ол мынадай формула бойынша есептеледі:

      k = 1/(1+r)i, мұндағы:

      k – дисконттау мөлшерлемесі;

      r – осы қосымшаның 1-кестесінде келтірілген дисконттау мөлшерлемесі;

      i – жобаны іске асыру жылының реттік нөмірі (1-ден n-ге дейін).

      5-тармақта 4-тармақта келтірілген таза дисконтталған экономикалық ағынды қосу арқылы алынған шама көрсетіледі.

      6-тармақта экономикалық таза дисконтталған кіріс нөлге тең болған кезде дисконттау мөлшерлемесін табу арқылы алынған шама көрсетіледі.

      7-тармақта мынадай формула бойынша есептелетін өтелу мерзімі көрсетіледі:

      PP = min n, мұнда

     


      CFi > IC, мұндағы:

      IC (Invest Capital) – жобадағы бастапқы инвестициялық шығындар;

      CFi (Cash Flow) – таза пайда мен амортизация сомасын білдіретін уақыттың і-кезеңіндегі жобадан ақша ағыны.

      Ақша ағынын есептеу үшін мынадай формулаларды пайдалану қажет:

      CFi = NP + A,

      Немесе

      CFi = Кіріс – Операциялық шығасылар – Салық төлемдері мен қарыз капиталы бойынша төлемдер,

      мұнадғы:

      А (Amortization) – амортизация, шығын болып табылмайтын ақша ағынының түрі;

      NP (Net Profit) – инвестициялық жобаның таза пайдасы.

      *Қажеттісін таңдау