Лисаков қаласы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2025 жылғы 20 қарашадағы № 200 шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Лисаков қаласы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері салықтық кезеңде салық салу объектісіне 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қалалық мәслихат төрағасы К. Мухамадиева