Қостанай қаласы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтардың мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2025 жылғы 24 қарашадағы № 200 шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 726-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, Қостанай қаласы бойынша корпоративтік немесе жеке табыс салығы оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде есепті салықтық кезеңде салық салу объектісіне мөлшерлеме мөлшері 4%-дан 3%-ға дейін төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы О. Байгабулов