Мұнайлы ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 27 қарашадағы № 37/210 шешімі

      Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2- тармағымен.

      Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мұнайлы ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері есепті салықтық кезеңі үшін салық салу объектісіне 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға дейін төмендетілсін.


      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.

      Мұнайлы аудандық мәслихатының төрағасы Б. Билялов