Жаңақорған ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 қазандағы № 441 шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726 бабына сәйкес Жаңақорған ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңақорған ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, есепті салық салу обьектісіне қолданылатын корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Жаңақорған ауданы мәслихатының төрағасы Ғ. Жарқынбек