Қазалы ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 қарашадағы № 480 шешімі

      "Қазақстан Республикасының Салық кодексі" 2025 жылғы 18 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 726-бабына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1.Қазалы ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшері 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазалы аудандық
мәслихатының төрағасы
Ғ.Әліш