Шет ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2025 жылғы 21 қарашадағы № 27/239 шешімі

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726 – бабына сәйкес, Шет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шет ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындағын құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы С.Социал