БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 102/қе (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17937 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларында:
реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
1. | Гранттық қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми-зерттеу және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар | жұмыс | Ғылым және технологиялық саясат туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дайындалған гранттық қаржыландыруға өтінімнің шығыс сметасына сәйкес |
2. | Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми-зерттеу және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар | жұмыс | Ғылым және технологиялық саясат туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дайындалған бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруға өтінімнің шығыс сметасына сәйкес |
";
ескертпеде 1 және 2-тармақтар алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
Е. Сағымбаев |