Бұқар жырау ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы № 38/07 шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2026 бастап күшіне енгізіледі.

      2025 жылғы 18 шілдедегі Қазақстан Республикасының салық Кодексінің 726-бабына сәйкес Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бұқар жырау ауданыныда оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесін есепті салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 пайыздан 2 пайызға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Мәслихат төрағасы А. Әли