Ақтоғай ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 27 қарашадағы № 335 шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақтоғай ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшері 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға дейін төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Аудандық мәслихат төрағасы Р.Абеуов