БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 9 тамыздағы № 189/НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
13-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-1) өз құзыреті шегінде пошта саласында стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыру;
2-2) Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарының және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін почта байланысы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;";
4) тармақша алып тасталсын;
42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"42) конкурс (немесе аукцион) өткізу арқылы бөлу үшін ұсынылған диапазондарда Қазақстан Республикасында жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу жөніндегі конкурстар (немесе аукциондар) ұйымдастыруға және өткізуге қатысу, конкурстардың (немесе аукциондардың) шарттарын, оларға қатысушыларға қойылатын талаптарды айқындау;";
64) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"64) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттіліктерін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс желілері мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналар мен алаңдарды беру бағаларын (тарифтерін) реттеу;";
мынадай мазмұндағы 88-1) тармақшамен толықтырылсын:
"88-1) пошта жөнелтілімдерін (пошта карточкасынан басқа) растау құжаттарын ұсыну арқылы беру кезінде жөнелтушінің олардың құнын жариялау тәртібін айқындау;";
91) тармақша алып тасталсын;
98) тармақша алып тасталсын;
103), 104), 105) және 106) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 113-1) тармақшамен толықтырылсын:
"113-1) байланыс операторларының мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына кірмейтін және мемлекеттік органдарға байланыс қызметтерін көрсету кезінде ақпарат беруді радиоэлектрондық құралдарды пайдаланып жүзеге асыратын байланыс желілері мен арналарында ақпаратты қорғау құралдарын қолдануды өтеусіз негізде қамтамасыз ету тәртібін айқындау;".
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Ж. Мәдиев |