"Еңбек мобильділігі орталығының үлгілік жарғысын, мансап орталығының үлгілік ережесін, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ережені, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия туралы үлгі

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 17 қазандағы № 324 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Еңбек мобильділігі орталығының үлгілік жарғысын, мансап орталығының үлгілік ережесін, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ережені, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 322 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33211 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбек мобильділігі орталығының үлгілік жарғысында:

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Директорды Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес уәкілетті орган лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады."

      27-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) осы еңбек мобильділігі орталығының үлгілік жарғысына қосымшаға сәйкес Орталықтың құрылымы мен шекті штат санын бекітеді;";

      осы бұйрыққа 1 қосымшаға сәйкес редакцияда қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мансап орталығының үлгілік ережесінде:

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Мансап орталығының құрылымын Мансап орталығының үлгілік ережесіне қосымшаға сәйкес Орталығының құрылымы шеңберінде Орталығы бекітеді.";

      осы бұйрыққа 2 қосымшаға сәйкес редакцияда қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2025 жылғы 17 қазандағы
№ 324 бұйрығына 1 қосымша
Еңбек мобильділігі
орталығының үлгілік жарғысына
қосымша

Облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қалалардың еңбек мобильділігі орталықтарының үлгілік құрылымы

Функционалдық бағыт

Құрылымдық бөлімше

Блок

Лауазымның атауы

Басшы

Орынбасары

Бөлім басшысы

Маман

Қызметті басқару

-

А – Басқарушы персонал

Еңбек мобильділігі орталығының директоры




Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу

-

А – Басқарушы персонал


Директордың орынбасары



Өтініш берушілерді қолдау бөлімі

А – Басқарушы персонал


Бөлім басшысы


B – Негізгі персонал



Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі маман

Оқыту бөлімі

А – Басқарушы персонал


Бөлім басшысы


B – Негізгі персонал



Кәсіптік даярлау жөніндегі маман

 
Мониторинг және әлеуметтік серіктестік

-

А – Басқарушы персонал




 
Жұмыс берушілерді қолдау бөлімі

А – Басқарушы персонал


Бөлім басшысы


B – Негізгі персонал



Жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жөніндегі маман

Болжау, мониторинг және талдау бөлімі

А – Басқарушы персонал


Бөлім басшысы


B – Негізгі персонал



Еңбек нарығының талдаушысы

Атаулы әлеуметтік көмек

-

А – Басқарушы персонал


Директордың орынбасары



Әлеуметтік жұмыс бөлімі

А – Басқарушы персонал


Бөлім басшысы


B – Негізгі персонал



Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант

Әкімшілік, құқықтық, қаржылық қамтамасыз ету

Қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімі

А - Басқарушы персонал


Бөлім басшысы – бас бухгалтер


С - Әкімшілік персонал



Экономист



Бухгалтер

Персоналды басқару бөлімі

А - Басқарушы персонал


Бөлім басшысы


С - Әкімшілік персонал



Кадрлар жөніндегі маман, кадрлар жөніндегі инспектор

Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімі

А - Басқарушы персонал


Бөлім басшысы


С - Әкімшілік персонал



Заңгер



Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі менеджер



Аудармашы



Қоғаммен байланыс жөніндегі маман



Жүйелік әкімші

D - Қосалқы персонал



Іс жүргізуші



Хатшы

R – Білікті жұмысшы



Өндірістік және қызмет бөлмелерін тазалаушы



Күзетші (вахтер)



Аула сыпырушы, аумақты жинаушы



Жүргізуші

      Ескертпе:

      1. Еңбек мобильділігі орталығының құрылымында үлгілік ұйымдық құрылымда көзделгендерден басқа құрылымдық бөлімшелер мен лауазымдардың болуына жол берілмейді.

      2. Тиісті функционалдық бағыт бойынша директордың орынбасары болмаған жағдайда құрылымдық бөлімше еңбек мобильділігі орталығының директорына тікелей бағынады.

      3. Еңбек мобильділігі орталығының құрылымында әкімшілік, көмекші персонал және білікті жұмысшылар лауазымдары оларға қажеттілік болмаған кезде көзделмейді.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2025 жылғы 17 қазандағы
№ 324 бұйрығына 2 қосымша
Мансап орталығының үлгілік
жарғысына қосымша

Облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қалалардың мансап орталықтарының үлгілік құрылымы

Құрылымдық бөлімше

Блок

Лауазымның атауы

Басшы

Сектор басшысы

Маман

-

А – Басқарушы персонал

Мансап орталығының директоры



-

А – Басқарушы персонал





С - Әкімшілік персонал




Жұмыс іздеушілерді қолдау секторы

А – Басқарушы персонал


Сектор басшысы


B – Негізгі персонал



Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі маман



Кәсіптік бағдарлау жөніндегі маман



Жұмысқа орналастыру жөніндегі консультант

Оқыту секторы

А – Басқарушы персонал


Сектор басшысы


B – Негізгі персонал



Кәсіптік даярлау жөніндегі маман

Жұмыс берушілерді қолдау секторы

А – Басқарушы персонал


Сектор басшысы


B – Негізгі персонал



Жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жөніндегі маман

Әлеуметтік жұмыс секторы

А – Басқарушы персонал


Сектор басшысы


B – Негізгі персонал



Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант

D - Қосалқы персонал



Әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент

-

С - Әкімшілік персонал



Жүйелік әкімші

D - Қосалқы персонал



Іс жүргізуші



Хатшы

R – Білікті жұмысшы



Өндірістік және қызмет бөлмелерін тазалаушы



Күзетші (вахтер)



Аула сыпырушы, аумақты жинаушы



Жүргізуші



Қазандық операторы,
от жағушы

      Ескертпе:

      1. Аталған ұйымдық құрылым мансап орталығының штат саны 25 және одан да көп бірлікте болған кезде енгізіледі.

      2. Мансап орталығының құрылымында үлгілік ұйымдық құрылымда көзделгендерден басқа құрылымдық бөлімшелер мен лауазымдардың болуына жол берілмейді.

      3. Астанада және республикалық маңызы бар қалаларда аудандар деңгейінде қалаларда мансап орталықтарын құру кезінде олардың ұйымдық құрылымы аудандық маңызы бар қалалардың мансап орталықтарының ұйымдық құрылымына сәйкес келеді.

      4. Секторды құру және "Сектор басшысы" - лауазымын енгізу үшін сектордың штат саны 4 және одан көп бірлікте болған кезде көзделеді.

      5. Тиісті сектор болмаған жағдайда маман мансап орталығының директорына бағынады.

      6. Мансап орталығының құрылымында көмекші персонал лауазымдары мен білікті жұмысшылар оларға қажеттілік болмаған кезде көзделмейді.

Облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, аудандардың мансап орталықтарының үлгілік құрылымы

Блок

Лауазымның атауы

Басшы

Сектор басшысы

Маман

А – Басқарушы персонал

Мансап орталығының директоры



А – Басқарушы персонал


Сектор басшысы


B – Негізгі персонал



Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі маман



Кәсіптік бағдарлау жөніндегі маман



Жұмысқа орналастыру жөніндегі консультант



Кәсіптік даярлау жөніндегі маман



Жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жөніндегі маман



Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант

С - Әкімшілік персонал



Жүйелік әкімші

D - Қосалқы персонал



Әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент



Іс жүргізуші

R – Білікті жұмысшы



Өндірістік және қызмет бөлмелерін тазалаушы



Күзетші (вахтер)



Аула сыпырушы, аумақты жинаушы



Жүргізуші



Қазандық операторы, от жағушы

      Ескертпелер:

      1. Аталған ұйымдық құрылым мансап орталығының штаттың саны 10 және одан көп бірліктен болған кезде енгізіледі.

      2. Мансап орталығының құрылымында үлгілік ұйымдық құрылымда көзделгендерден басқа құрылымдық бөлімшелер мен лауазымдардың болуына жол берілмейді.

      3. Секторды құру және "сектор басшысы" лауазымын енгізу үшін сектордың штат саны 4 және одан көп бірлікте болған кезде көзделеді.

      4. Мансап орталығының құрылымында көмекші персонал лауазымдары мен білікті жұмысшылар оларға қажеттілік болмаған кезде көзделмейді.

      5. Білікті жұмысшылардың штат бірліктері 0,5 штат бірлігі есебінен белгіленеді.

Аудандардың мансап орталықтарының типтік ұйымдық құрылымы

Блок

Лауазымның атауы

Басшы

Маман

А – Басқарушы персонал

Мансап орталығының директоры


B – Негізгі персонал


Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі маман


Жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жөніндегі маман


Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант

D - Қосалқы персонал


Әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент


Іс жүргізуші

R – Білікті жұмысшы


Өндірістік және қызмет бөлмелерін тазалаушы


Күзетші (вахтер)


Аула сыпырушы, аумақты жинаушы


Жүргізуші


Қазандық операторы, от жағушы

      Ескертпелер:

      1. 4-тарауда көзделген ұйымдық құрылым мансап орталығының штатттың саны 9 және одан аз болған кезде енгізіледі.

      2. Мансап орталығының құрылымында үлгілік ұйымдық құрылымда көзделгендерден басқа құрылымдық бөлімшелер мен лауазымдардың болуына жол берілмейді.

      3. Мансап орталығының құрылымында көмекші персонал лауазымдары мен білікті жұмысшылар оларға қажеттілік болмаған кезде көзделмейді.

      4. Білікті жұмысшылардың штат бірліктері 0,5 штат бірлігі есебінен белгіленеді.