БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (1-шығарылым) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 364 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33389 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Теміржол және су көлігіндегі қозғалыспен, қопару жұмыстары өндірісімен, қопару материалдары және улы заттарды сақтау және қолданумен, көтеру-тасымалдау жабдықтарында, қазандық құрылғыларында, қысыммен істейтін аппараттар мен ыдыстарда қызмет көрсетумен байланысты немесе оларды орындаудың ерекше талаптары көзделген өзге де жұмыстарда істейтін жұмысшылар қолданыстағы сол талаптарды біледі және сақтайды әрі қажет болған жағдайларда тиісті құжаты (қопарушының тиісті бірыңғай кітапшасы, дәнекершінің дипломы, куәлігі) бар болады.
Тиісті кәсіптердің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында баяндалған бақылау-қабылдау функцияларын орындайтын жұмысшылар берілген біліктілік деңгейіне сәйкестікке және бақыланатын өнімнің сапасына қойылатын талаптарды білуге Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес аттестациядан өтеді.".
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен кейін күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланған күнінен кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы |
А. Ертаев |