Абай ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Абай облысы Абай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 қарашадағы № 33/3-VIII шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2- тармақтан караңыз.

      Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 726-бабына сәйкес, Абай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, Абай ауданында корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеуді оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде есепті салықтық кезеңде салық салу объектісіне мөлшерлеме мөлшері 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы М. Нұрсұлтанұлы