БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 149 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер" функционалдық тобында:
9 "Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер" функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 027 бюджеттік бағдарламасы бар 334 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
"334 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы
027 Өңірде ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар жүргізуді қамтамасыз ету";
521 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 003 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:
"003 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында оның орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |