БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларында:
53-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"53. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша жоспарланатын шығыстар түрлері бойынша 154, 155, 156 және 157 есептеулер осы Қағидаларға 62-қосымшаға сәйкес жасалады.";
55 және 56-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"55. 01-372 нысаны инновациялық гранттар мен әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне гранттарды төлеуге шығыстарды есептеу үшін толтырылады және осы Қағидаларға 72-қосымшаға сәйкес жасалады.
56. 01-373 нысаны білім беру ұйымдарына гранттарды төлеуге арналған шығыстарды есептеу үшін толтырылады және осы Қағидаларға 73-қосымшаға сәйкес жасалады.";
77-тармақтың 16) тармақшасы алынып тасталсын;
95-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларға өз бастамасы бойынша өзгерістер енгізген кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламалардың паспортына қол қойылған өзгерістерді тиісінше бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға хабарлама тәртібімен жібереді.";
96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"96. Бюджеттік бағдарламалар паспорттары, бюджеттік бағдарламалар паспорттары туралы біріктірілген жиынтық ақпарат қол қойылған және қалыптастырылған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Кодекстің 40-бабына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің интернет-ресурсына орналастырылады.";
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 72 және 73-қосымшалар осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрі | М. Такиев |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 510 бұйрығына 1-қосымша Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларына 4-қосымша |
|
____________________ нысан |
Бюджеттік бағдарлама паспорты Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің коды және атауы Жоспарлы кезең 20__-20__ жылдар
Бюджеттік бағдарламаның коды мен атауы:
Мемлекеттік органдар функцияларының тізіліміне сәйкес мемлекеттік орган функциясының (функцияларының) коды мен атауы:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің коды мен атауы:
Сипаттама (негіздеме), оның ішінде ағымдағы мәртебе: Сипаттама түсіндірме жазбаны ауыстыруы тиіс
Бюджеттік бағдарлама ... байланысты ... негізігде жоспарланады
Бюджеттік бағдарлама келісілген/көзделген және тағы басқа арқылы жобалар іске асырылатын болады
Бағдарламаны іске асыру … мүмкіндік береді
Нысаналы индикатордан бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесінің ауытқуы ... байланысты
Бюджеттік бағдарламаның түрі:
мазмұнына байланысты:
мемлекеттік басқару деңгейіне байланысты:
іске асыру тәсіліне байланысты:
ағымдағы/даму
Көрсеткіштер | Факт 20__ жыл | 20__ жылғы ағымдағы жоспар | Жоспарлы кезең | |||
Бекітілген | Нақтыланған | 20__ | 20__ | 20__ | ||
Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының, бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қызметінің көрсеткіштерін белгілейтін меншікті құжаттардың нысаналы индикаторы: | ||||||
Түпкілікті нәтиже: | ||||||
Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесінің Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларынан, бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қызметінің көрсеткіштерін белгілейтін меншікті құжаттардан ауытқуы | ||||||
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қызметінің көрсеткіштерін белгілейтін меншікті құжаттарға сәйкес бюджет қаражатына қажеттілік | ||||||
Жоспар | ||||||
Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына, ББӘ қызметінің көрсеткіштерін белгілейтін меншікті құжаттарға қол жеткізу үшін жоспардың жоспарланған қаражаттан ауытқуы |
Бюджеттік кіші бағдарламаның коды мен атауы:
20_________ жылға мың теңге
Іс-шаралар, барлығы, оның ішінде | Іс-шара көрсеткіші | Мемлекеттік жоспарлау жүйелері құжатының көрсеткіші | Ауытқу | Шығыстар | Мемлекеттік жоспарлау жүйелері құжатының сомасы | Ауытқу | Ауытқу себебі |
20_________ жылға мың теңге
Іс-шаралар, барлығы, оның ішінде | Іс-шара көрсеткіші | МӨК құжатының көрсеткіші | Ауытқу | Шығыстар | МӨК құжатының сомасы | Ауытқу | Ауытқу себебі | |
20_________ жылға мың теңге
Іс-шаралар, барлығы, оның ішінде | Іс-шара көрсеткіші | МӨК құжатының көрсеткіші | Ауытқу | Шығыстар | МӨК құжатының сомасы | Ауытқу | Ауытқу себебі |
Бюджеттік бағдарламаның басшысы
________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Ескертпе:
Бюджеттік бағдарламаның паспорты осы нысанға қосымшаға сәйкес бюджеттік бағдарламалар паспортын толтыру жөніндегі түсіндірмелерге сәйкес толтырылады.
Бюджеттік бағдарлама паспортының нысанына қосымша |
Бюджеттік бағдарламалар паспортын толтыру бойынша түсіндірмелер
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының паспорты мынадай талаптарға сәйкес жасалады:
1) "бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды мен атауы" деген жолда бюджеттік бағдарлама әкімшісінің толық атауы және бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес оның коды көрсетіледі;
ағымдағы қаржы жылынан кейінгі үш қаржы жылы жоспарлы кезең болып табылады;
2) "бюджеттік бағдарламаның коды мен атауы" деген жолда бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес бюджеттік бағдарламаның коды мен атауы көрсетіледі.
3) "мемлекеттік органдар функцияларының тізіліміне сәйкес мемлекеттік орган функциясының (функцияларының) коды мен атауы" деген жолда мемлекеттік органдар функцияларының тізіліміне сәйкес мемлекеттік орган функциясының (функцияларының) коды және атауы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет коды және атауы;
4) көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша 4) "мемлекеттік көрсетілетін қызметтің коды мен атауы (мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес)" деген жолда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің коды мен атауы көрсетіледі;
5) "Сипаттама (негіздеме), оның ішінде ағымдағы мәртебе" деген жолда жоспарланатын бюджет қаражатының мемлекеттік органның даму жоспарында немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті даму жоспарында айқындалған мақсаттармен, нысаналы индикаторлармен не мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланыстылығы ашылады. Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі) бюджеттік бағдарламаның мақсатына қол жеткізу тәсілдері мен әдістерін қамтуы мүмкін және өте толық, қысқа, түсінікті, нақты және сапалы болуы тиіс.
6) "бюджеттік бағдарламаның түрі" деген жолда:
"мазмұнына қарай" жолы бойынша Кодекстің 14-бабының 1-тармағына сәйкес бюджеттік бағдарламаның бағыты көрсетіледі;
"мемлекеттік басқару деңгейіне байланысты" деген жол бойынша басқару деңгейіне байланысты бюджеттік бағдарламаның түрі көрсетіледі;
"іске асыру тәсіліне байланысты" деген жол бойынша жеке бюджеттік не бөлінетін бағдарлама көрсетіледі;
"ағымдағы/даму" деген жол бойынша ағымдағы бюджеттік бағдарлама не бюджеттік даму бағдарламасы көрсетіледі;
7) 1-кестеде. (нысаналы индикатордың көрсеткіштері):
"көрсеткіштер" деген бағанда:
"Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің көрсеткіштерін белгілейтін меншікті құжаттардың нысаналы индикаторы" деген жолда жоғары тұрған құжаттардан туындайтын қол жеткізудің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған функцияларды, өкілеттіктер мен құзыреттерді, қызмет бағыттарын іске асырудың сандық өлшейтін нысаналы индикаторының көрсеткіші көрсетіледі;
"түпкілікті нәтижелер" деген жолда мемлекеттік органның даму жоспары немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспары құжаттарының нысаналы индикаторына қол жеткізу немесе бюджеттік бағдарламаның іс-шараларын іске асыру қорытындылары бойынша қол жеткізуге тиіс жоспарланған бюджет қаражатының көлемін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған функцияларды, өкілеттіктер мен құзыреттерді іске асыру нәтижесі көрсетіледі. Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижелері айқын, анық және нақты болуы тиіс оның сандық көрсеткішін және оған қол жеткізудің нақты күнін (кезеңін) айқындау арқылы бюджеттік бағдарламаны іске асырудың сапалық қорытындыларын (белгілі бір уақыт аралығы үшін, жоспарлы кезеңнің соңында, жоспарлы кезеңнің жылдары бойынша бөліністе) көрсетуге тиіс. Егер бюджеттік бағдарлама мемлекеттік органның даму жоспарының мақсаттарының біріне сәйкес келсе, онда бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижелері ретінде мемлекеттік органның даму жоспарының осы мақсатының нысаналы индикаторлары көрсетіледі. Нысаналы индикаторлар мен түпкілікті нәтижелердің сәйкес келмеу себептері бюджеттік бағдарламаның сипаттамасында жазылады.
Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын тұрақты сипаттағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметін қамтамасыз етуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша түпкілікті нәтижелер олардың көрсеткіштері көрсетілмей айқындалады.
Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтижелерінде қаржы жылында аяқталатын жобалардың санын және пайда алушылардың саны көрсетіледі.
Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижелері Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қоспағанда, бөлінетін бюджеттік бағдарламаны бөлетін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасының паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға бағытталған бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтижелері осы бөлінетін бюджеттік бағдарламалар есебінен қаражат алатын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасының паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға бағытталған бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлетін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері түпкілікті нәтижелерді көрсетпейді.
"Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесінің Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларынан, бюджеттік бағдарлама әкімшілері қызметінің көрсеткіштерін белгілейтін меншікті құжаттардан ауытқуы" деген жолда нысаналы индикатор көрсеткіші мен бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесі арасындағы айырма көрсетіледі;
"Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қызметінің көрсеткіштерін белгілейтін меншікті құжаттарға сәйкес бюджет қаражатына қажеттілік" деген жолда Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес бюджет қаражатына, бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қызметінің көрсеткіштерін белгілейтін меншікті құжаттарға қажеттілік көрсетіледі;
"жоспар" деген жолда қаржыландыру көзделген сома көрсетіледі;
"Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына, бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қызметінің көрсеткіштерін белгілейтін меншікті құжаттарға қол жеткізу үшін жоспардың жоспарланған қаражаттан ауытқуы" деген жолда нысаналы индикаторларға қол жеткізу үшін жоспардың жоспарланған қаражаттан ауытқуы көрсетіледі.
8) "бюджеттік кіші бағдарламаның коды мен атауы" деген жолда бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес бюджеттік кіші бағдарламаның коды мен атауы көрсетіледі.
9) 2,3,4-кестеде (бюджеттік бағдарлама бойынша іс-шаралар)
"іс-шаралар, барлығы, оның ішінде" деген бағанда бюджеттік бағдарламаның әкімшісі немесе мемлекеттік мекеме белгілеген бюджеттік бағдарламаны немесе мақсатты жүзеге асыруға бағытталған белгілі бір айқындалған ұйымдастырылған іс-қимылдар іс-шарасының атауы немесе іс-қимылдар жиынтығы көрсетіледі. Іс-шаралар бюджеттік бағдарламада көзделген бюджет қаражаты есебінен жоспарлы кезеңнің белгілі бір қаржы жылында қол жеткізу күтілетін мемлекеттік орган қызметінің барлық нәтижелерін объективті түрде көрсетеді және қамтиды.
"Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатының көрсеткіші" деген бағанда Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатынан туындайтын нысаналы индикаторды сандық өлшейтін көрсеткіш көрсетіледі.
"ауытқу" деген бағанда іс-шараны іске асыру нәтижесі мен мемлекеттік органның даму жоспарының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының нысаналы индикаторының жоспарлы көрсеткіші немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған функцияны, өкілеттіктер мен құзыреттерді, іс-қимыл бағыттарын іске асыру арасындағы өлшеу көрсеткіштерінің айырмасы көрсетіледі;
"шығыстар" деген бағанда іс-шараларға арналған шығыстардың бөлінген бюджеттік сомасы көрсетіледі, ағымдағы кезеңге арналған жобалар бөлінісінде, жобалар болмаған жағдайда іс-шаралар ғана көрсетіледі;
"Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатының сомасы" деген бағанда Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес қажетті бюджет қаражатының жалпы сомасы көрсетіледі;
"ауытқу" деген бағанда бөлінген қаражаттың шығыстары мен қажетті қаражаттың МЖЖ жалпы сомасы арасындағы айырма;
"ауытқу себебі" деген бағанда бөлінген қаражаттан қажетті қаражаттың ауытқу себебін түсіндіру.
10) "Бюджеттік бағдарламаның басшысы" деген жолда бюджеттік бағдарламаны жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз ететін ақпаратты жасауға және оның дұрыстығына жауапты бюджеттік бағдарлама басшысының тегі, аты-жөні және лауазымы көрсетіледі.
Мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде бюджеттік бағдарламаның басшысы ауыл, кент, ауылдық округ әкімі, әкім аппаратының басшысы не әкімдік қызметінің тиісті бағыттарына жетекшілік ететін әкімнің орынбасары, мемлекеттік орган қызметінің тиісті бағыттарына жетекшілік ететін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшылары не бірінші басшыларының орынбасарлары болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 510 бұйрығына 2-қосымша Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларына 72-қосымша 01-372-нысан |
Инновациялық гранттарға және әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне гранттарға ақы төлеуге арналған шығыстарды есептеу
Жылы
Кодтары ___________________
Деректер түрi (болжам, жоспар, есеп) ___________________
Функционалдық топ ___________________
Бағдарламалардың әкiмшiсi ___________________
Мемлекеттiк мекеме ___________________
Бағдарлама ___________________
Ерекшелiк ___________________
№ | Заңды тұлғаның атауы | Жобаның/гранттың атауы | Жобаның/гранттың саны | Жобаның/гранттың құны | Жалпы сомасы, мың теңге (4-баған*5-баған)/1000 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Барлығы |
Орталық атқарушы органның аппарат басшысы/мемлекеттiк мекеме басшысы
_________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Бюджеттік бағдарлама басшысы
____________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Бас бухгалтер/қаржы-экономикалық бөлімінің бастығы
______________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 510 бұйрығына 3-қосымша Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау Қағидаларына 73-қосымша 01-373-нысан |
Білім беру ұйымдарына берілетін гранттарға ақы төлеуге арналған шығыстарды есептеу
Жылы
Кодтары ___________________
Деректер түрi (болжам, жоспар, есеп) ___________________
Функционалдық топ ___________________
Бағдарламалардың әкiмшiсi ___________________
Мемлекеттiк мекеме ___________________
Бағдарлама ___________________
Ерекшелiк ___________________
№ | Ұйымның атауы | Ұйымның саны | Гранттың мөлшері | Жалпы құны, мың теңге (3-баған*4-баған)/1000 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Барлығы |
Орталық атқарушы органның аппарат басшысы/мемлекеттiк мекеме басшысы
________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Бюджеттік бағдарлама басшысы
________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Бас бухгалтер/қаржы-экономикалық бөлімінің бастығы
_________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))