Қосшы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 111/24-8 "Мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Ақмола облысы Қосшы қаласы мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 220/54-8 шешімі

      Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы шешімнің 2-тармағымен.

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Қосшы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы" Қосшы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 111/24-8 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8728-03 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы Ә.Қуатбеков