Мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 қарашадағы № 8С 33/2 шешімі

      Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы шешімнің 2-тармағымен.

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атбасар ауданында Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабының бірінші бөлігінде белгіленген мөлшерлеме мөлшері 4 пайыздан 2 пайызға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Атбасар аудандық мәслихатының төрағасы Н.Рахимов