Астана қаласының аумағында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы № 349/46-VIII шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2026 ж. бастап күшіне енеді

      Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 723 және 726-баптарына сәйкес (бұдан әрі – Салық кодексі) Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Салық кодексінің 726-бабының бірінші бөлігінде белгіленген мөлшерлемені Салық кодексінің 723-бабының 1-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келетін Астана қаласының аумағында Қазақстан Республикасының резиденттері – жеке кәсіпкерлері мен заңды тұлғалары үшін 4 пайыз мөлшерінен 3 пайызға дейін төмендету.

      2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және ресми жариялауға жатады.

      Астана қаласы мәслихатының төрағасы Т. Зейнұлқабден