"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 17 маусымдағы № 368 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережеде:

      15-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламаның нысанын әзірлеу;

      1-2) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешімді шығару нысаны мен мерзімдерін әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 31-1), 31-2), 31-3), 31-4) және 31-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "31-1) салықтық тексерудің алдын ала актісі бойынша нормалар қолданылатын салық төлеушілердің санатын, сондай-ақ салық төлеушіге салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс етудің, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты ұсынудың, сондай-ақ осындай қарсылықты қараудың тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу;

      31-2) цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібін әзірлеу;

      31-3) букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін салық органының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтердің тәртібін, тізбесін және нысанын әзірлеу;

      31-4) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша салық агентіне ұсынылған жеке табыс салығын ұстап қалу туралы өтініштің нысанын әзірлеу;

      31-5) жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның объектілерді салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын және мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді салық органдарына ұсыну тәртібін әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 372-1), 372-2) және 372-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "372-1) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі әзірлейтін және бекітетін консулдық алым мөлшерлемелерін келісу;

      372-2) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін келісу;

      372-3) тиісті уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп мемлекеттік кірістер органдары ұсынатын салықтық құпияны құрайтын мәліметтердің тәртібі мен тізбесін әзірлеу;";

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі деген 1-бөлімде:

      225, 238 және 244-тармақтар алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Ж.Ж. Дүйсембиев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмелерін мемлекеттік және орыс тілінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев