Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 13 мамырдағы № 285 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер" функционалдық тобында:

      9 "Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 001 бюджеттік бағдарлама және 011 және 015 кіші бағдарламалары бар 769 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "769 Облыстың сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы

      001 Жергілікті деңгейде сәулет, қала құрылысы, жер қатынастарын реттеу салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      мынадай мазмұндағы 100, 102, 103, 106, 107, 108 және 109 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:

      "100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен ағымды іс-шаралар өткізу

      102 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      103 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер

      106 Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу

      107 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу

      108 Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу

      109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен ағымды іс-шаралар өткізу";

      мынадай мазмұндағы 011, 015 және 032 кіші бюджеттік бағдарламалары бар 113 және 114 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:

      "113 Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен

      114 Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен";

      мынадай мазмұндағы 115, 116, 117, 118, 121, 123, 124, 125, 126, 133, 139, 148, 149, 165, 166, 167, 168 және 169 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:

      "115 Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау

      116 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      117 Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер

      118 Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу

      121 Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер

      123 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша ағымдағы шығыстарға іс-шаралар өткізу

      124 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша даму шығыстарына іс-шаралар өткізу

      125 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша ағымдағы шығыстарға арналған аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      126 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша даму шығыстарына аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне берілетін нысаналы даму трансферттері

      133 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін нысаналы даму трансферттер

      139 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен дамуға бағытталған іс-шаралар өткізу

      148 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен дамуға бағытталған іс-шаралар өткізу

      149 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін нысаналы даму трансферттер

      165 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен ағымды іс-шаралар өткізу

      166 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту

      167 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру

      168 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      169 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін нысаналы даму трансферттері";

      02 "Қорғаныс" функционалдық тобында:

      1 "Әскери мұқтаждар" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 003 бюджеттік бағдарламасы бар 519 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "519 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы

      003 Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар";

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 004 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "004 Аумақтық қорғанысты даярлау және республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтық қорғаныс

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      2 "Төтенше жағдайлар жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 001, 002, 005, 006, 011, 015, 032, 100, 106, 107, 108, 109, 115, 118, 123, 124, 139, 148, 165, 166 және 167 бюджеттік бағдарламалары бар 519 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "519 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы

      001 Жергілікті деңгейде сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

      002 Ақпараттық жүйелер құру

      005 Жұмылдыру дайындығы және республикалық маңызы бар қаланы, астананы жұмылдыру

      006 Республикалық маңызы бар қалалар, астана ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және оларды жою

      011 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

      015 Халықты, объектілерді және аумақтарды табиғи және дүлей зілзалалардан инженерлік қорғау бойынша жұмыстар жүргізу

      032 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары

      100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен ағымды іс-шаралар өткізу

      106 Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу

      107 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу

      108 Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу

      109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен ағымды іс-шаралар өткізу

      115 Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау

      118 Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу

      123 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша ағымдағы шығыстарға іс-шаралар өткізу

      124 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша даму шығыстарына іс-шаралар өткізу

      139 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен дамуға бағытталған іс-шаралар өткізу

      148 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен дамуға бағытталған іс-шаралар өткізу

      165 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен ағымды іс-шаралар өткізу

      166 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту

      167 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру";

      07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:

      1 "Тұрғын үй шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 010 бюджеттік бағдарламасы бар 769 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "769 Облыстың сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы

      010 Мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жер учаскелерiн алып қою, оның iшiнде сатып алу жолымен алып қою және осыған байланысты жылжымайтын мүлiктi иелiктен айыру";

      2 "Коммуналдық шаруашылық" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 001, 002, 011, 100, 106, 107, 108, 109, 115, 118, 123, 124, 139, 148, 165, 166 және 167 бюджеттік бағдарламалары бар 520 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "520 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы

      001 Жергілікті деңгейде қаланың қоғамдық аумақтарын дамыту және абаттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

      002 Қаланың қоғамдық кеңістігінің элементтері болып табылатын құрылыстардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету

      011 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

      100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен ағымды іс-шаралар өткізу

      106 Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу

      107 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу

      108 Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу

      109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен ағымды іс-шаралар өткізу

      115 Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау

      118 Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу

      123 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша ағымдағы шығыстарға іс-шаралар өткізу

      124 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша даму шығыстарына іс-шаралар өткізу

      139 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен дамуға бағытталған іс-шаралар өткізу

      148 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен дамуға бағытталған іс-шаралар өткізу

      165 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен ағымды іс-шаралар өткізу

      166 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту

      167 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру";

      3 "Елді-мекендерді көркейту" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 003 бюджеттік бағдарламасы бар 520 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "520 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы

      003 Қаланың қоғамдық аумақтарын дамыту және абаттандыру";

      10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобында:

      1 "Ауыл шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 014, 021, 025 және 043 бюджеттік бағдарламалары бар 336 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "336 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы

      014 Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу

      021 Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянды организмдеріне қарсы күрес жөніндегі іс- шаралар

      025 Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру

      043 Тракторларды, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерін мемлекеттік есепке алуға және тіркеу";

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 052 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "052 Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды сатып алу

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      6 "Жер қатынастары" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 005, 006, 007, 008 және 012 бюджеттік бағдарламалары бар 769 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "769 Облыстың сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы

      005 Жер қатынастарын реттеу

      006 Жердi аймақтарға бөлу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру

      007 Ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiндегi жұмыстар

      008 Елдi мекендердi жер-шаруашылық орналастыру

      012 Облыстың шекарасын белгiлеу кезiнде жүргiзiлетiн жерге орналастыру";

      9 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы басқа да қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 031, 033, 034, 035, 056 және 057 бюджеттік бағдарламалары бар 336 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "336 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы

      031 Қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау

      033 Қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды сәйкестендіру

      034 Қаңғыбас жануарларды егу және зарарсыздандыру

      035 Иелері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын үй жануарларын сәйкестендіру

      056 Жануарларға арналған баспаналар, уақытша ұстау пункттерін салу

      057 Жануарларға арналған баспаналарды, уақытша ұстау пункттерін ұстау";

      11 "Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі" функционалдық тобында:

      2 "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 002 бюджеттік бағдарламасы бар 769 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "769 Облыстың сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы

      002 Аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру";

      9 "Өнеркәсiп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 003 бюджеттік бағдарламасы бар 769 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "769 Облыстың сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы

      003 Облыстың аудандық жоспарлау схемасын әзірлеу";

      13 "Басқалар" функционалдық тобында:

      9 "Басқалар" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 065 бюджеттік бағдарламасы бар 519 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "519 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы

      065 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев