Қамысты аудандық мәслихатының кейбір шешімдерін жою туралы

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2023 жылғы 29 тамыздағы № 75 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-тармағына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қамысты аудандық мәслихатының кейбір шешімдері жойылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қамысты аудандық мәслихатының төрағасы Н. Искаков

  Мәслихаттың
  2023 жылғы "29" тамыздағы
  № 75 шешіміне
  қосымша

Қамысты аудандық мәслихатының жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Мәслихаттың "Қамысты аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 шілдедегі № 340 "Қостанай облысы Қамысты ауданы Адаевка ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 23 ақпандағы № 94 шешімі;

      2. Мәслихаттың "Қамысты аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 шілдедегі № 341 "Қостанай облысы Қамысты ауданы Алтынсарин ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 23 ақпандағы № 95 шешімі;

      3. Мәслихаттың "Қамысты аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 шілдедегі № 342 "Қостанай облысы Қамысты ауданы Аралкөл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 23 ақпандағы № 96 шешімі;

      4. Мәслихаттың "Қамысты аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 404 "Қостанай облысы Қамысты ауданы Бестөбе ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 23 ақпандағы № 98 шешімі;

      5. Мәслихаттың "Қамысты аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 407 "Қостанай облысы Қамысты ауданы Дружба ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 23 ақпандағы № 99 шешімі;

      6. Мәслихаттың "Қамысты аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 163 "Қостанай облысы Қамысты ауданы Қамысты ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және ауылдардың жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 23 ақпандағы № 100 шешімі;

      7. Мәслихаттың "Қамысты аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 339 "Қостанай облысы Қамысты ауданы Қарабатыр ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 23 ақпандағы № 101 шешімі;

      8. Мәслихаттың "Қамысты аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 шілдедегі № 343 "Қостанай облысы Қамысты ауданы Клочков ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 23 ақпандағы № 102 шешімі;

      9. Мәслихаттың "Қостанай облысы Қамысты ауданы Арқа ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2022 жылғы 25 тамыздағы № 170 шешімі.