"Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 2 қазандағы № 16 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Қ. Шарлапаев

  Бұйрығымен бекiтілген

"Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыс комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлiгінiң Мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыс комитетi (бұдан әрi – Комитет) республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлiгiнiң (бұдан әрі – Министрлік) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласында басшылықты жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Президентi мен Yкiметінiң актілерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Комитет өз өкілеттіктері шегінде азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

      Егер мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты уәкілетті органның бюджетінде көзделген жағдайда, Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға тиісті мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылар мүддесіне байланысты мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындаушыларымен түседі.

      5. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берiлген болса, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болады.

      6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен төрағаның бұйрықтарымен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымын Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі бекітеді, штат санының лимитін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің келісімі бойынша Министрліктің аппарат басшысы бекітеді.

      8. Комитеттің орналасқан орны: - Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт Тауэр" ғимараты.

      9. Комитеттің толық атауы: "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      12. Комитетке Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсіпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге болмайды.

      Егер Комитетке заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда осындай қызметтен түскен кіріс республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Комитеттің негізгі міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын қазіргі заманғы әскери мақсаттағы тауарлармен (өнімдермен), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлармен (өнімдермен), әскери мақсаттағы жұмыстармен және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету;

      2) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалуын салааралық үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру;

      3) сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың, сенімгерлік басқарудағы ұйымдардың қызметін ұйымдастыру;

      4) Комитетке өз құзыреті шегінде жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.

      14. Комитеттің функциялары:

      1) Комитеттің құзыреті шегінде Министрліктің реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру;

      2) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;

      3) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерімен, басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      4) қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласында басшылықты жүзеге асыру;

      5) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларын әзірлеу;

      6) монополияға қарсы органмен келісу бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын әзірлеу;

      7) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) отандық өндірушілердің, әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық берушілердің тізілімін қалыптастыру, әзірлеу және жүргізу;

      8) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыны таңдауды жүзеге асыру;

      9) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру және бекітілген мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың тапсырмасын мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларға дейін жеткізу;

      10) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушымен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт жасау;

      11) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қаржыландыруды жүзеге асыру;

      12) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты уәкілетті органның бюджетінде көзделген болса, заңнамада көрсетілген жағдайларда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражатын қайта бөлу туралы шешім қабылдау;

      13) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушыларды әскери мақсаттағы тауарлармен (өнімдермен) және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлармен (өнімдермен) қамтамасыз ету;

      14) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты уәкілетті органның бюджетінде көзделген, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде сатып алынатын әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының мемлекеттік мекемелеріне бөлу;

      15) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалуын салааралық үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру;

      16) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрықтарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      15. Комитеттің құқықтары мен міндеттемелері:

      Комитет:

      1) өз құзыреті шегінде құқықтық актілер шығару;

      2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, басқа лауазымды тұлғалардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

      4) өз қызметінің барлық мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

      5) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізу;

      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      Комитеттің міндеттемелеріне:

      1) Комитетке жүктелген міндеттер мен функциялардың іске асырылуын қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, құқықтары мен заңда қорғалатын жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін сақтау;

      3) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;

      4) өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде ол туралы Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және мемлекеттік органдар ресми сұрау салған жағдайда қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;

      5) Комитеттің теңгерімінде тұрған мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;

      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу;

      7) белгіленген мерзімде Министрлікке бухгалтерлік және қаржылық есептілікті жасау және ұсыну;

      8) Комитетке бөлінген бюджеттік қаражаттың толық, уақтылы және тиімді пайдалануын қамтамасыз ету;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу кіреді.

3-тарау. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру

      16. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

      17. Комитетті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын төраға басқарады.

      18. Төрағаның Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің келісуі бойынша Министрліктің аппарат басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Төраға Комитеттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

      20. Төраға Министрліктің басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

      21. Осы мақсатта Комитет төрағасы:

      1) өзінің орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының және қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      2) өз құзыреті шегінде бұйрықтарды шығарады;

      3) Комитет қызметкерлерін, сондай-ақ Комитеттің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің басшыларын қызметке тағайындау және босату, іссапарға, демалысқа жіберу, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстеме, сыйақы беру және тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;

      4) Комитеттің атынан қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда өкілдік етеді;

      5) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      6) Комитеттің заң қызметіне жетекшілік етеді;

      7) Комитеттің қызметкерлеріне мемлекеттік құпияларға рұқсат беруді жүзеге асырады;

      8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің туындауына себеп болатын іс-қимылдар белгіленген жағдайда бұл туралы Министрліктің басшылығын хабардар етеді;

      9) Комитет қызметкерлері мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;

      10) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;

      11) республикалық бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына және мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

      12) оның құзыретіне кіретін басқа мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      Комитет төрағасы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін атқаруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      22. Комитет төрағасының орынбасары:

      1) өз құзыреті шегінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;

      2) Комитеттің төрағасы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      23. Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитеттің атынан Министрліктің өзге құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға төраға және (немесе) төрағаның орынбасарлары міндеттерінің бөлінуіне сәйкес қол қояды.

4-тарау. Комитеттің мүлкі

      24. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі бар.

      Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерімінде көрініс табатын өзге де мүліктерден қалыптасады.

      25. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      26. Комитет өзіне бекітілген мүлікті, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, өз бетінше иеліктен шығармайды немесе өзге де тәсілмен оған билік жүргізбейді.

5-тарау. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату

      27. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетінің "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

  Бұйрыққа қосымша

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтары

      1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитет" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 4 қарашадағы № 822 бұйрығы.

      2. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 4 қарашадағы № 822 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 21 ақпандағы № 84 бұйрығы.

      3. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 183 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесінің 5-тармағына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.