"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 31 шiлдедегi № 821 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 31.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер" функционалдық тобында:

      4 "Iргелi ғылыми зерттеулер" функционалдық кіші тобында:

      227 "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      217 "Ғылымды дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 104 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:

      "104 Ғылымды ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу жөніндегі қызметтер";

      06 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру" функционалдық тобында:

      1 "Әлеуметтiк қамсыздандыру" функционалдық кіші тобында:

      213 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      027 "Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру және олардың төлемдерін жүргізу" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 114 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:

      "114 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жұмыспен қамту мәселелері бойынша азаматтарды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттері";

      256 "Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 064 бюджеттік бағдарламасымен және 069 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "064 Еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтарының жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша қызметін қамтамасыз ету

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      069 Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялау";

      333 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" және 355 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 064 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "064 Еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтарының жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша қызметін қамтамасыз ету

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      2 "Әлеуметтiк көмек" функционалдық кіші тобында:

      256 "Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 015, 100, 101 және 102 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 068 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "068 Жұмыспен қамту бағдарламасы

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      100 Қоғамдық жұмыстар

      101 Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау және қайта даярлау

      102 Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар";

      08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк" функционалдық тобында:

      4 "Туризм" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 043 бюджеттік бағдарламасы бар 266 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "266 Облыстың кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы

      043 Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу";

      12 "Көлiк және коммуникация" функционалдық тобында:

      9 "Көлiк және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 006 және 018 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 004 бюджеттік бағдарламасымен 223 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "223 Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      004 Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және мемлекеттік басқаруды жетілдіру, мемлекеттік органдар қызметінде жобалық басқару жүйесін дамыту

      006 Республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен

      018 Грант есебінен".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2023 жылғы 31 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев