"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 425 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасында:

      1 "Ағымдағы шығындар" санатта:

      01 "Тауарлар мен қызметтерге арналған шығындар" сыныбында:

      150 "Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу" кіші сыныбында:

      157 "Форумдар, семинарлар, конференциялар өткізуге арналған қызметтерге ақы төлеу" ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "157 Форумдар, семинарлар, конференциялар өткізуге және имидждік іс-шараларға арналған қызметтерге ақы төлеу";

      158 "Имидждік іс-шараларға арналған қызметтерге ақы төлеу" ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "158 Ақпараттандыру саласындағы жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:

      150 "Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу" кіші сыныбында:

      жол

      "


157

Форумдар, семинарлар, конференциялар өткізуге арналған қызметтерге ақы төлеу

Форумдар, семинарлар, конференциялар өткізуге арналған қызметтерге ақы төлеу


      "

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "


157

Форумдар, семинарлар, конференциялар өткізуге және имидждік іс-шараларға арналған қызметтерге ақы төлеу

Форумдар, семинарлар, конференциялар өткізуге және мемлекеттік органның имиджін арттыруға байланысты имидждік іс-шараларға арналған қызметтерге ақы төлеу, мысалы: брошюралар, бейнероликтер дайындау және т.б.


      ";

      жол

      "


158

Имидждік іс-шараларға арналған қызметтерге ақы төлеу

Мемлекеттік органның имиджін арттыруға байланысты имидждік іс-шараларға арналған қызметтерге ақы төлеу, мысалы: брошюралар, бейнероликтер дайындау және т.б.


      "

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "


158

Ақпараттандыру саласындағы жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу

Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен айқындалған жұмыстар мен қызметтер тізімі


      ".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2024 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев