"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 77 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 27.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер" функционалдық тобында:

      1 "Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 001 бюджеттік бағдарламасымен 100 және 123 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 109 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты

      001 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер

      100 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қызметін қамтамасыз ету

      123 Ағымдағы әкімшілік шығыстар";

      мынадай мазмұндағы 100, 101, 105, 109, 114, 139, 148, 165, 166, 167, 168 және 169 бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:

      "100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен ағымды іс-шаралар өткізу

      101 Өкілдiк шығындарға арналған қаражат есебiнен іс-шаралар өткізу

      105 Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу

      109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен ағымды іс-шаралар өткізу

      114 Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша орталық мемлекеттік органдардың міндеттемелерін орындау

      139 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен дамуға бағытталған іс-шаралар өткізу

      148 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен дамуға бағытталған іс-шаралар өткізу

      165 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен ағымды іс-шаралар өткізу

      166 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту

      167 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру

      168 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      169 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін нысаналы даму трансферттері";

      03 "Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі" функционалдық тобында:

      5 "Жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі қызмет" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 002 бюджеттік бағдарламасымен 100 және 111 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 109 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты

      002 Мемлекеттік мекемелерді фельдъегерлік байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер

      100 Мемлекеттік мекемелерді фельдъегерлік байланыспен қамтамасыз ету

      111 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстары";

      04 "Бiлiм беру" функционалдық тобында:

      5 "Мамандарды қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 138 бюджеттік бағдарламасы бар 109 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты

      138 Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруын қамтамасыз ету".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2023 жылғы 27 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев