"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 443 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9792 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1 тармақтың:

      5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Полиция департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;";

      22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес;".

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Бас қолбасшылықтың орналасқан жері: индексі 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Әліби Жангелдин көшесі, 2-үй.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетi туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Комитеттің орналасқан жері: индексі 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Алматы ауданы, Бейімбет Майлин көшесі, 2-үй.";

      Комитеттің қарамағындағы аумақтық бөліністердің тізбесінде:

      1)тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8.Комитеттің орналасқан жері: индексі 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 1-үй.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8.Комитеттің орналасқан жері: индексі 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 1-үй.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Полиция департаменті туралы ережеде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Полиция департаменті туралы ереже";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Астана қаласының Полиция департаменті (бұдан әрі–Департамент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) қала аумағындағы полиция органдары мен бөліністеріне басшылық етуді жүзеге асыратын аумақтық бөлінісі болып табылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Полиция департаменті" мемлекеттік мекемесі.".

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті туралы ережеде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті туралы ереже";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (бұдан әрі-Департамент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі - ҚАЖ комитеті) қала аумағындағы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелеріне басшылықты жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады. Департамент ҚАЖ мекемелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету және сотталғандарды жұмысқа орналастыру жөніндегі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдарымен өзара іс-қимыл жасайды.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Департаменттің толық атауы –"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.".

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті туралы ережеде:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаменті (Қ.С. Дүйсембеков) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электронды түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Министрдің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы, комитет төрағалары және Астана қаласы Полиция департаментінің, Астана қаласы және Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің бастықтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте тіркеуші органдарда құрылтай құжаттарындағы өзгерістерді тіркеуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
М. Ахметжанов