Тасқала ауданы бойынша 2023 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 217 қаулысы. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 18 қыркүйектегі № 184 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 18.09.2023 № 184 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық–атқару Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата–анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата–анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) сәйкес, Тасқала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тасқала ауданы бойынша 2023 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерінің тізімдік санынан ұйымдар үшін келесі мөлшерлерде квота белгіленсін:

      осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес ата–анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде;

      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде;

      осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Тасқала ауданындағы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде.

      2. Тасқала ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 259 "Тасқала ауданы бойынша 2022 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік кұқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Шакировқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б.Айтмағамбетов

  Тасқала ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 5 желтоқсандағы
№217 қаулысына 1-қосымша

Тасқала ауданы бойынша 2023 жылға ата–анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Тасқала-Аққу" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

15

1

1


Барлығы:

15


1

  Тасқала ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 5 желтоқсандағы
№217 қаулысына 2-қосымша

Тасқала ауданы бойынша 2023 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

Таскала ауданы әкімдігінің (шаруашылық жүргізуге құқылы) "Таскала аудандық коммуналдық шаруашылығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

61

2

1

2

Тасқала ауданы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

119

2

2


Барлығы:

180


3

  Тасқала ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 5 желтоқсандағы
№217 қаулысына 3-қосымша

Тасқала ауданы бойынша 2023 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

Жеке кәсіпкер "Сергазиева З.Ш"

7

2

1

2

"Луч" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

16

2

1

3

"Тасқала-Дән" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

46

2

1

4

"Арай" шаруа қожалығы

10

2

1


Барлығы:

79


4