Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 22-1 "Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 12-1 "2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 7 желтоқсандағы № 22-4 шешімі

      Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №12-1 "2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №26231 болып тіркелген) мынандай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға келесі көлемде бекітілсін:

      1) кірістер – 4 953 399 мың теңге:

      салықтық түсімдер – 567 725 мың теңге;

      салықтық емес түсімдер – 18 172 мың теңге;

      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 30 мың теңге;

      трансферттер түсімі – 4 367 472 мың теңге;

      2) шығындар – 5 123 112 мың теңге;

      3) таза бюджеттік кредиттеу – 48 855 мың теңге:

      бюджеттік кредиттер – 87 295 мың теңге;

      бюджеттік кредиттерді өтеу – 38 440 мың теңге;

      4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

      қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

      5) бюджет тапшылығы (профициті) – -218 568 мың теңге;

      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –

      218 568 мың теңге:

      қарыздар түсімі – 87 295 мың теңге;

      қарыздарды өтеу – 38 440 мың теңге;

      бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 169 713 мың теңге."

      2. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысы Л.Қайырғалиева