Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 15 қарашадағы № 130 шешімі. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округі әкімінің 16.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекция басшысының 2022 жылғы 11 қарашадағы № 02-05/359 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округі Рабат елді мекені М.Өзтүрік № 1-17 көшелерінің аумағында бір бас иттің басынан құтыру ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі О.Қазыбаев