Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 1-к бұйрығы.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 және "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулыларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті белгіленген мерзімде осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 17 тамыздағы № 864-к бұйрығы жойылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Министр С. Нұрбек

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
2022 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 1-к бұйрығымен
бекітілді

"Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

      Ескерту. Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.11.2023 № 562 бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) құзыреті шегінде ғылым, ғылыми-техникалық қызмет саласында, оның ішінде оның құзыретіне қатысты ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасы Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Комитет егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттілік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыретінің мәселелері бойынша Комитет Төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Комитеттің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 11-кіреберіс.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.11.2023 № 562 бұйрығымен.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім беру министрлігінің Ғылым комитеті" мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілермен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Комитеттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

      13. Мақсаттары (міндеттері):

      1) ғылым, ғылыми-техникалық қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

      3) ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруды жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

      14. Құқықтары мен міндеттері:

      1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан заңнамада белгіленген тәртіппен меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ақпаратты сұрату және алу;

      2) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет қызметінің белгіленген саласына жататын мәселелерді пысықтау үшін ғылыми және өзге де ұйымдарды, ғалымдар мен мамандарды, оның ішінде шетелдік ғалымдар мен мамандарды тарту;

      3) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен шетелдердің мемлекеттік билік органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттесу;

      4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында консультативтік-кеңестік және сараптау органдарын құру (кеңестер, комиссиялар, топтар, алқалар);

      5) ғылыми-зерттеу ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізу;

      6) ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субьектісінің функциясын жүзеге асыру, республикалық меншіктегі акционерлік қоғамдарда (серіктестіктерде) мемлекеттік акция топтамасын (қатысу үлесін) иелену және пайдалану;

      7) Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша келіссөздер жүргізу және шет елдердің мемлекеттік органдарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен шарттар жасасу туралы ұсыныстар енгізу;

      8) ақпараттық-презентациялық іс-шараларды (форумдар, презентациялар, конференциялар және т.б.), сондай-ақ ғылыми және ғылыми-техникалық дамудың, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың проблемалары бойынша кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;

      9) Комитет қызметкелерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлауды ұйымдастырады;

      10) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитеттің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа шағымдану;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен, сондай-ақ мемлекеттік органдармен келісу бойынша олармен бірлескен актілер негізінде басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау;

      13) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Републикасының заңнамаларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен Комитеттің құзыреті шегінде мәселелерді пысықтау үшін үкіметтік емес ұйымдарды, ғылыми және өзге де ұйымдарды, оның ішінде шетелдік ұйымдарды, ғалымдар мен мамандарды жұмысқа тарту;

      15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) елдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси даму мақсаттары мен басымдықтарын ескере отырып, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      3) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қалыптастырылатын ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларды қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын үйлестіру;

      4) Қазақстан Республикасындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын дамыту (биологиялық қауіпсіздік саласына әсер ететін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттары шегінде ғылыми зерттеулерді іріктеу кезінде Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары ескеріледі);

      5) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      6) Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия қызметін ұйымдастыру;

      7) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарды беру туралы жұмыстарды ұйымдастыру;

      8) мемлекеттік бюджет есебінен іске асырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын әзірлеуді және оларды қалыптастыру, орындау және аяқтау сатыларында іске асыруды ұйымдастыру;

      9) ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесі мен құрамы бойынша ұсыныстар енгізу, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіру;

      10) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылатын салалық уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіру;

      11) ғылым мен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

      12) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында халықаралық ынтымақтастық орнату;

      13) ғылыми қызмет саласындағы халықаралық шарттар (келісімдер) мен бағдарламаларға қол қою және шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізу;

      13-1) әкімшілік рәсімдер шеңберінде өтініш берушілер өтініштерінде көтерілетін жүйелі проблемаларға талдау жүргізеді және оларды анықтайды;

      14) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша міндеттемелерді іске асыру;

      15) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру;

      16) ғылыми ұйымдарды құру, қайта құру және тарату туралы ұсыныстар енгізу;

      17) ғылыми ұйымның консультативтік органы туралы, оның мүшелерін сайлау тәртібін қоса алғанда, үлгі ережесін бекіту;

      18) ведомстволық бағынысты ұйымдарды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды белгіленген тәртіппен жүзеге асыру;

      19) ғылым саласындағы мақсатты және халықаралық бағдарламаларды қалыптастыру;

      20) ғылыми, ғылыми және техникалық қызмет саласындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

      21) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа жеткен академиктеріне өмір бойғы ай сайынғы стипендия белгілеу қағидаларын әзірлеу;

      22) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлеу;

      23) мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде ғылыми зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін әзірлеу;

      24) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлеу;

      25) іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбесін әзірлеу;

      26) іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нормаларын әзірлеу;

      27) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      28) ғылыми ұйымның мүшелерін сайлау тәртібін қоса алғанда, оның консультативтік-кеңесші органы туралы үлгілік ережені әзірлеу;

      29) үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын әзірлеу;

      30) еңбегіне ақы төлеу базалық қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылатын жетекші ғалымдарға қойылатын талаптарды әзірлеу;

      31) жыл сайынғы "Үздік ғылыми қызметкер" сыйлығын беру қағидаларын әзірлеу;

      32) ғылыми бағыттар сыныптауышын әзірлеу;

      33) ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережені әзірлеу;

      34) апелляциялық комиссия туралы ережені әзірлеу және оның құрамын қалыптастыру;

      35) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларын әзірлеу;

      36) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалардың, бағдарламалардың және олардың орындалуы жөніндегі есептердің мемлекеттік есебін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      37) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлеу;

      38) ғылыми және өндірістік қызметте пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-ұстау қағидаларын әзірлеу;

      39) Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша және адамдар мен азаматтардың құқықтарын және бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрліктің актілерінде оларды бекіту жөнінде тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;

      40) мемлекеттік қызметтерді көрсету;

      41) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыруды ынталандыру жөніндегі шараларды жоспарлауды іске асыру;

      42) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламасын әзірлеу және іске асру;

      43) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларының іске асырылуын мониторингілеу;

      44) Қазақстан Республикасының Үкіметіне ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жөніндегі шаралардың тиімділігі туралы ақпаратты енгізу;

      45) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының жарғыларын бекіту;

      46) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Ғылым туралы жыл сайынғы Ұлттық баяндаманы дайындауды, ұсынуды және жариялауды ұйымдастыру;

      47) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру шоғырландырылған талдамалық ақпаратты уәкілетті органның интернет-ресурстарында және мерзімді баспасөз басылымдарында орналастыру;

      48) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің субъектілеріне аккредиттеу жүргізеді;

      49) Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.11.2023 № 562 бұйрығымен.

3-тарау. Комитеттің қызметін қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері

      16. Комитет басшылығын Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Төраға жүзеге асырады.

      17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Комитет төрағасының өкілеттігі:

      1) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық бағынысты ұйымдардың бірінші басшыларын және олардың орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      3) Министрліктің Аппарат басшысына Комитет персоналын іссапарға жіберу, біліктілігін арттыру, оларға тәртіптік жаза қолдану және алып тастау мәлелелері бойынша ұсыныстар енгізеді;

      4) Министрліктің Аппарат басшысына төрағаның орынбасарын және Комитеттің басқа да қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді;

      5) еңбек қатынастары мәлелелері жоғары тұрған лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      6) өз құзыреті шегінде Комитет қызметкерлері мен ұйымдарына орындауға міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады, тапсырмалар береді;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;

      8) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;

      9) қызметкерлердің Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін, орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауын бақылайды;

      10) Қазақстан Республикасы Заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.

      Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4-тарау. Комитеттің мүлкі

      21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жекеленген мүлікті жедел басқару құқығы бар.

      Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитет өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      25. Қарамағындағы ұйымдардың тізбесі.

      Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі

      1. "Математика және математикалық модельдеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      2. "Экономика институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      3. "А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      4. "М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      5. "Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      6. "Философия, саясаттану және дінтану институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      7. "Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      8. "Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      9. "Ғылым ордасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      10. "Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      11. "Генетика және физиология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      12. "Алтай ботаникалық бағы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      13. "Маңғышлақ эксперименттік ботаникалық бағы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      14. "Зоология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      15. "М.А. Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      16. "Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      17. "Ақпараттық және есептеу технологиялары институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      18. "Жану проблемалары институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      19. "Жошы Ұлысын зерттеу ғылыми институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      20. "Академик Қ.И. Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      21. "Мемлекет тарихы институты" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      Комитет акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы берілген заңды тұлғалардың тізбесі

      1. "Ғылым қоры" акционерлік қоғамы.

      2. "Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамы.

      3. "География және су қауіпсіздігі институты" акционерлік қоғамы.

      4. ЮНЕСКО аясындағы 2-санаттағы "Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      5. "Еуразиялық интеграция институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.