Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 10 тамыздағы № 810 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет түсімдерінің сыныптамасында:

      1 "Салықтық түсімдер" санатында:

      05 "Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге салынатын iшкi салықтар" сыныбында:

      2 "Акциздер" кіші сыныбында:

      75 "Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі өнімдері, жеңiл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару бейімдегіші бар автомобильдерден басқа)" сыныбының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "75 Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі өнімдері, жеңiл автомобильдер (арнайы мүгедектігі бар адамдарға арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару бейімдегіші бар автомобильдерден басқа)";

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:

      4 "Емханалар" функционалдық кіші тобында:

      253 "Облыстың денсаулық сақтау басқармасы" бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша:

      039 "Республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін көмекті қоспағанда ауылдық денсаулық сақтау субъектілерінің амбулаториялық-емханалық қызметтерді және медициналық қызметтерді көрсетуі және Сall-орталықтардың қызмет көрсетуі" бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "039 Денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көмегін қамтитын қосымша медициналық көмектің көлемін көрсету, Call-орталықтардың қызметтер көрсетуі және өзге де шығыстар";

      322 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың қоғамдық денсаулық басқармасы" бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша:

      039 "Республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін көмекті қоспағанда ауылдық денсаулық сақтау субъектілерінің амбулаториялық-емханалық қызметтерді және медициналық қызметтерді көрсетуі және Сall-орталықтардың қызмет көрсетуі" бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "039 Денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көмегін қамтитын қосымша медициналық көмектің көлемін көрсету, Call-орталықтардың қызметтер көрсетуі және өзге де шығыстар";

      339 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша:

      039 "Республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін көмекті қоспағанда ауылдық денсаулық сақтау субъектілерінің амбулаториялық-емханалық қызметтерді және медициналық қызметтерді көрсетуі және Сall-орталықтардың қызмет көрсетуі" бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "039 Денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көмегін қамтитын қосымша медициналық көмектің көлемін көрсету, Call-орталықтардың қызметтер көрсетуі және өзге де шығыстар";

      353 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтау басқармасы" бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша:

      039 "Республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін көмекті қоспағанда ауылдық денсаулық сақтау субъектілерінің амбулаториялық-емханалық қызметтерді және медициналық қызметтерді көрсетуі және Сall-орталықтардың қызмет көрсетуі" бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "039 Денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көмегін қамтитын қосымша медициналық көмектің көлемін көрсету, Call-орталықтардың қызметтер көрсетуі және өзге де шығыстар";

      754 "Облыстың қоғамдық денсаулық басқармасы" бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша:

      039 "Республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін көмекті қоспағанда ауылдық денсаулық сақтау субъектілерінің амбулаториялық-емханалық қызметтерді және медициналық қызметтерді көрсетуі және Сall-орталықтардың қызмет көрсетуі" бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "039 Денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көмегін қамтитын қосымша медициналық көмектің көлемін көрсету, Call-орталықтардың қызметтер көрсетуі және өзге де шығыстар".

      2.  "Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты мен Жәбірленушілерге өтемақы қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесі" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9760) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1 "Салықтық түсімдер" санатында:

      05 "Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге салынатын iшкi салықтар" сыныбында:

      2 "Акциздер" кіші сыныбында:

      мына:

      "

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі өнімдері, жеңiл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару бейімдегіші бар автомобильдерден басқа)

1

05

2

75



100

100




  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі өнімдері, жеңiл автомобильдер (арнайы мүгедектігі бар адамдарға арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару бейімдегіші бар автомобильдерден басқа)

1

05

2

75



100

100




  ".

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев