"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 463 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер" функционалдық тобында:

      4 "Iргелi ғылыми зерттеулер" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 131 бюджеттік бағдарламасы бар 202 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "202 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi

      131 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету";

      9 "Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      201 "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi" және 204 "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:

      мынадай мазмұндағы 130 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "130 Шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізу";

      мынадай мазмұндағы 130 бюджеттік бағдарламасы бар 208 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "208 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi

      130 Шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізу";

      мынадай мазмұндағы 130 бюджеттік бағдарламасы бар 226 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "226 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

      130 Шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізу";

      249 "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 130 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "130 Шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізу";

      мынадай мазмұндағы 130 бюджеттік бағдарламасы бар 410 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "410 Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi

      130 Шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізу";

      07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:

      1 "Тұрғын үй шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 060 бюджеттік бағдарламасы бар 256 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "256 Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

      060 Жеке тұрғын үй қорынан алынған тұрғынжай үшін азамматардың жекелеген санаттарына төлемдер";

      271 "Облыстың құрылыс басқармасы", 279 "Облыстың Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" және 307 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың Тұрғын үй басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:

      мынадай мазмұндағы 054 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "054 Жеке тұрғын үй қорынан алынған тұрғынжай үшін азамматардың жекелеген санаттарына төлемдер";

      309 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      008 "Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "005 Ішкі қарыздар есебінен";

      333 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 054 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "054 Жеке тұрғын үй қорынан алынған тұрғынжай үшін азамматардың жекелеген санаттарына төлемдер";

      мынадай мазмұндағы 054 бюджеттік бағдарламасы бар 371 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "371 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы

      054 Жеке тұрғын үй қорынан алынған тұрғынжай үшін азамматардың жекелеген санаттарына төлемдер";

      383 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 054 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "054 Жеке тұрғын үй қорынан алынған тұрғынжай үшін азамматардың жекелеген санаттарына төлемдер";

      458 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" және 479 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй инспекциясы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:

      083 "Тұрғын үй қарыздарын беру үшін "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ны кредиттеу" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 034 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "034 Облыстық бюджеттің ішкі көздерінің қаражатынан берілетін кредиттер есебінен";

      483 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011, 015, 028 және 034 бюджеттік кіші бағдарламалармен 083 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "083 Тұрғын үй қарыздарын беру үшін "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ға кредит беру

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      028 Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен

      034 Облыстық бюджеттің ішкі көздерінің қаражатынан берілетін кредиттер есебінен";

      492 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011, 015, 028 және 034 бюджеттік кіші бағдарламалармен 083 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      083 "Тұрғын үй қарыздарын беру үшін "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ға кредит беру

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      028 Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен

      034 Облыстық бюджеттің ішкі көздерінің қаражатынан берілетін кредиттер есебінен";

      2 "Коммуналдық шаруашылық" функционалдық кіші тобында:

      309 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      002 "Ақпараттық жүйелер құру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 052 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "052 Республикалық бюджеттен өнеркәсіпке, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне берілетін субвенциялар";

      08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк" функционалдық тобында:

      2 "Спорт" функционалдық кіші тобында:

      819 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі)" бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011, 015, 028 және 049 бюджеттік кіші бағдарламалармен 006 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "006 Көпшілік спортты және ұлттық спорт түрлерін дамыту

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      028 Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен

      049 Республикалық бюджеттен мәдениетке, спортқа, туризмге және ақпараттық кеңістiкке берілетін субвенциялар есебінен";

      10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобында:

      1 "Ауыл шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:

      467 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі" және 495 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:

      010 "Ауыл шаруашылығы объектілерін дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 052 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "052 Республикалық бюджеттен өнеркәсіпке, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне берілетін субвенциялар";

      498 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша:

      001 "Жергілікті деңгейде жер қатынастары және ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер" және 003 "Мемлекеттік органның күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламалар бойынша:

      мынадай мазмұндағы 051 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "051 Республикалық бюджеттен ауыл, су, орман, балық шаруашылығына, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғауға, жер қатынастарына берілетін субвенциялар есебінен";

      9 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы басқа да қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      497 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық бөлімі" бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша:

      052 "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032, 034, 048 және 052 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен

      034 Облыстық бюджеттің ішкі көздерінің қаражатынан берілетін кредиттер есебінен

      048 Республикалық бюджеттен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа берілетін субвенциялар

      052 Республикалық бюджеттен өнеркәсіпке, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне берілетін субвенциялар";

      13 "Басқалар" функционалдық тобында:

      1 "Экономикалық қызметтерді реттеу" функционалдық кіші тобында:

      309 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      040 "Арнайы экономикалық аймақтардың, индустриялық аймақтардың, индустриялық парктердің инфрақұрылымын дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "005 Ішкі қарыздар есебінен";

      3 "Кәсiпкерлiк қызметтi қолдау және бәсекелестікті қорғау" функционалдық кіші тобында:

      309 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      020 ""Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "005 Ішкі қарыздар есебінен";

      9 "Басқалар" функционалдық кіші тобында:

      309 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      018 "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылымын дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 005 және 032 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "005 Ішкі қарыздар есебінен

      032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен";

      022 "Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "005 Ішкі қарыздар есебінен".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары-
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев