"Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті туралы ереже осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті (О.Ж. Жолдасов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен кейін жиырма жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты |
М. Ахметжанов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы |
|
№ 152 бұйрығы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына 4-1-қосымша |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Көші-қон қызметі комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құзыреті шегінде көші-қон саласындағы мемлекеттік және іске асыруды, көші-қон процестерін мониторингілеуді, талдауды және болжауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
2. Комитет өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің мемлекеттік тілдегі атауы бар мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоты болады.
4. Комитет өзінің атынан азаматтық-құқықтық қатынасқа түседі.
5. Комитет егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті болса мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға тарап ретінде түсуге құқығы бар.
6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Көмитет төрағасының бұйрығымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат саны лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Комитеттің орналасқан жері: индексі 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 1-үй.
9. Комитеттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерін орындау мәніне шарттық қатынасқа түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен түскен табыстар мемлекеттік бюджеттің кірісіне алынады.
2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
13. Міндеттер:
1) көші-қон процестерін мониторингілеу, талдау және болжау;
2) сыртқы көші-қонды реттеу және заңсыз көші-қонға қарсы күресті ұйымдастыру;
3) Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктермен жұмысты ұйымдастыру;
4) халықты құжаттандыру және тіркеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
5) Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау;
14. Функциялар:
1) мына:
заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл;
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу және тіркеу;
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекаралық аймаққа келу құқығына құжаттар ресімдеу;
Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуге құжаттар ресімдеу;
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруына құжаттар ресімдеу;
елден тұрақты тұрғылықты жеріне кету;
Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыру, есепке алу және тіркеу;
босқынның жол жүру құжатының үлгісін бекітеді және оны беруді жүзеге асырады;
2) азаматтық, халықтың көші-қоны және босқындар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
3) құзыреті шегінде көші-қон процестерін мониторингілеуді, талдауды және болжауды жүзеге асырады;
4) көші-қон процестерін мониторингілеу нәтижелерін халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады;
5) шетелдік мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
6) азаматтарды қабылдауды, азаматтардың, лауазымды адамдардың ауызша және жазбаша арыздарын, өтініштері мен ұсыныстарын уақтылы және толық қарауды жүзеге асырады, олар бойынша шешімдер қабылдайды;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды әзірлейді;
8) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің ұсынымы бойынша табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, шекараны бұзушыларды шекаралық іздеу, қаруланған шабуылды тойтару немесе іргелес мемлекет азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына жаппай өтулері кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың шекара маңы аймағында (жолағында) орналасқан жергілікті жердің жекелеген учаскелеріне немесе объектілерге қолжетімдігін шектейді немесе тыйым салады;
10) Министрліктің "Ақпараттық-өндірістік орталық" республикалық мемлекеттік мекемесімен жеке басын куәландыратын құжаттарды дайындау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады;
11) Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктерді жеке есепке алуды жүргізеді;
12) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша арыздары бойынша материалдарды қарайды және қажетті құжаттармен бірге оларды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жолдайды;
13) өз құзыреті шегінде халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша шаралар кешенін әзірлейді және іске асырады;
14) ішкі істер органдарының аумақтық бөліністерінің жұмысын:
көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында болу мерзімін қысқарту;
Қазақстан Республикасынан кетуге, Қазақстан Республикасының аумағында жүрген көшіп келушілерге Қазақстан Республикасынан кетуге және келуге визалар беру;
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсаттар беру;
Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасынан тұрақты тұру үшін кетуге рұқсаттар ресімдеу немесе мұндай рұқсатты беруден бас тарту туралы шешімдер қабылдау;
Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы адамдарға тұруға ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәлігін ресімдеу және беру;
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру;
Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәліктер мен паспорттар ресімдеу және беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын тәртіпте оларды есепке алу және тіркеу;
Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу және тіркеуден шығару;
уақытша тұруға келген Қазақстан Республикасының азаматтарын уақытша келу орны бойынша есепке қою;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды тіркеу;
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуын тіркеу;
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды жеңілдетілген (тіркеу) тәртіпте ресімдеу;
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін (тесілі еместігін) анықтау мәселелері бойынша ұйымдастырады;
15) заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
15. Құқықтары мен міндеттемелері:
1) өз құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтары мен міндеттемелерді жүзеге асыруға құқықлы.
3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
16. Комитетке басшылық етуді Комитет төрағасы жүзеге асырады, ол Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өздерінің функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Ішкі істер министрі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет төрағасын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Комитет төрағасының өкілеттігі:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында және өзге де ұйымдарында және Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық қатынастарда Комитеттің мүддесін қорғайды;
2) Комитеттің құрылымдық бөліністері туралы ережелерді бекітеді;
3) заңнамаға және Ішкі істер министрі бекітетін лауазымдар номенклатурасына сәйкес еңбек шарттарын жасасады, өзгертеді және бұзады, аумақтық ішкі істер органдарының және көліктегі ішкі істер органдарының көші-қон полициясы бөліністерінің басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босатуға келісім береді;
4) өзінің құзыреті шегінде және заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерді көтермелейді және тәртіптік жазалар салады, сондай-ақ көтермелеу, тәртіптік жазалар салу, матариалдық көмек көрсету туралы ұсыныстар енгізеді;
5) өз құзыреті шегінде Комитеттің құрылымдық бөліністерінің, аумақтық ішкі істер органдарының және көліктегі ішкі істер органдарының орындауына міндетті бұйрықтар шығарады;
6) Комитеттің құрылымдық бөліністерінің қызметкерлері арасында тәрбие жұмысын ұйымдастырады, олардың тәртіпті, заңдылықты, құпиялылық режимін сақтауын және кәсіби деңгейін арттыруын қамтамасыз етеді;
7) азамттарды қабылдауды жүзеге асырады, арыз-шағымдарды қарайды, олар бойынша шешім қабылдайды, тәртіп пен заңдылықты бұзу фактілері бойынша қызметтік тергеулер тағайындайды;
8) Комитеттің қызметкерлерін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының шегінде қызметтік іссапарға жібереді;
9) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың іске асырылуына жеке жауапкершілікте болады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
20. Комитет төрағасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.
4. Комитеттің мүлкі
21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.
Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ меншікті қызметі нәтижесінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден сатып алынған мүлік (ақшалай табысты қоса алғанда) есебінен құрылады.
22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
23. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті егер өзгесі заңнамада көзделмесе өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.