"Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 11-1-4/33 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енг

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 11-1-4/336 бұйрығы.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 11-1-4/33 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:

      14 тармақта:

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) инвестициялық салық кредитін алу үшін инвестициялық салық кредиті туралы келісім жасасу тәртібін салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:

      "18) инвестициялық салық кредитін беру туралы келісімдер жасасу.".

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты ресми жариялауды, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі М. Тілеуберді