"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Респуб

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2021 жылғы 21 қазандағы № 654 бұйрығы.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) осы бұйрыққа 2-1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қосшы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ереже;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті туралы ережеде:

      Мемлекеттік мекемелердің тізбесінде – Департаменттің аумақтық органдары:

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қосшы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы;";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда 2-1-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 180-қосымшаға сәйкес бекітілген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Аққулы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Басқарманың заңды мекенжайы: пошта индексі 140700, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Аққулы ауданы, Аққулы селосы, Всеволод Иванов көшесі, 92 ғимарат";

      көрсетілген бұйрыққа 200-қосымшаға сәйкес бекітілген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің заңды мекенжайы: пошта индексі 161200, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, ӘДО ауданы, 160 квартал, 11 және 38-көшелердің қиылысы, № 5 ғимарат.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Заң басқармасы (О.А. Әбдірахманов) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізілуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Ақмола, Павлодар және Түркістан облыстары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінің (бұдан әрі – Департаменттер) басшылары заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың іске асырылуы үшін қажетті шараларды қабылдасын;

      2) осы бұйрық Департаменттердің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Кадр және ішкі әкімшілендіру департаментінің Ұйымдастыру-бақылау басқармасы (Ә.Ы. Қабдуақасов) осы бұйрықты Департаменттердің назарына жеткізсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі Мемлекеттік
кірістер комитетінің төрағасы
Ә. Алтынбаев

  Бұйрыққа қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Қаржы министрлігінің Мемлекеттік
  кірістер комитеті Төрағасының
  2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522
  бұйрығына 2-1-қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қосшы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қосшы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн, әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы және уақыттылығын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындауға уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органы болып табылады.

      2. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнің, Үкiметiнiң актілерiне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Басқарма мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тiлінде өз атауымен мөрi және мөртаңбасы, белгiленген үлгiдегі бланкілерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

      5. Басқарма, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапынан әрекет етеді.

      6. Басқарма өз құзыретіндегі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Штат санының құрылымы мен лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Басқарманың заңды мекенжайы: пошта индексі 010078, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Республика көшесі, 3/3.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қосшы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесi.

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсiпкерлiк субъектiлермен Басқарманың функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осы қызметтен алынған табыс республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Басқарманың міндеттері:

      1) өкілеттіктері шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің, қоғамның және мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету;

      2) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету;

      3) өз құзыреті шегінде халықаралық актілердің, Қазақстан Республикасының салық және өзге де заңнамасының сақталуын және орындалуын қамтамасыз ету;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақыттылығын қамтамасыз ету;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.

      14. Басқарманың функциялары:

      1) салық заңнамасының сақталуын бақылау;

      2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында және тиісті халықаралық шарттарда белгіленген тәртіпте халықаралық шарттардың ережелерін қолдану;

      3) Басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету;

      4) Қазақстан Республикасының салық және өзге де заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл;

      5) салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру;

      6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық бақылауды жүзеге асыру;

      7) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйені қолданумен электрондық қызмет көрсету;

      8) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;

      9) тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпаратты Интернет-ресурсқа орналастыру;

      12) хаттамалар жасау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген басқа да шараларды қолдану;

      13) есеп жүргізу тәртібі бұзылған жағдайда жанама әдістер (активтер, міндеттемелер, айналым, шығындар, шығыстар) негізінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау;

      14) салық міндеттемесінің туындауына, орындалуына және тоқтатылуына байланысты мәселелер бойынша түсіндірулерді жүзеге асыру және түсіндірмелер беру;

      15) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердің органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта болу;

      16) Қазақстан Республикасы салық заңнамасында айқындалған тәртіппен жеке тұлғалардан берешекті өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығару;

      17) Қазақстан Республикасы салық заңнамасына сәйкес салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту туралы шешімдерді, сондай-ақ салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгертуден бас тарту туралы шешімдерді қабылдау;

      18) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында көлік құралдарын, оның ішінде тауарлардың халықаралық тасымалдарын жүзеге асыратын көлік құралдарын тоқтату;

      19) тасымалдаушыдан немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тауарлар өткізуді жүзеге асыратын тұлғадан өткізілетін тауарларға қатысты қажетті ақпаратты, сондай-ақ құжаттар мен мәліметтерді сұрату және алу;

      20) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес фактілер мен оқиғаларды құжаттау, бейне- және аудиожазу, киноға- және фотоға түсіру;

      21) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін жекелеген тауар түрлеріне қатысты тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      22) құзыреті шегінде бекітілген тәртіптерге сәйкес тауарларды таңбалауды және қадағалуды жүзеге асыру;

      23) таңбалауға және қадағалануға жататын тауарлардың айналымына қатысушылардың тізілімдерін жүргізу;

      24) өз құзыреті шегінде таңбалауға және қадағалауға жататын, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара саудадағы тауарлар айналымына мониторингті жүзеге асыру;

      25) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      15. Басқарманың құқықтары мен міндеттері:

      1) мемлекеттік органдардан, олардың лауазымды адамдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату, алу және беру;

      2) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы пайдалану бойынша түсіндірулер мен түсіндірмелер беру;

      3) сараптамалар, тексерулер мен консультациялар жүргізу үшін тиісті мемлекеттік органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары арасынан консультанттар мен тәуелсіз сарапшыларды тарту;

      4) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау, олар бойынша хаттамалар жасау және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік жазалар қолдану;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап арыздар беру;

      6) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мәлімдемелері мен шағымдарын қарау;

      7) заңнамада айқындалған жағдайларда жеке және заңды тұлғалардан, қажетті құжаттарды, белгіленген нысандар бойынша есептіліктерді ұсынуды талап ету;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған тәртіппен, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың келісімі бойынша олардың бірлескен актілері негізінде басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      9) тиісті уәкілетті органның сұрау салуы бойынша өзінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен беру;

      10) салықтық әкімшілендіруді жаңғырту және жетілдіру мақсатында салықтық әкімшілендірудің және салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауының өзге тәртібін көздейтін пилоттық жобаларды іске асыруды (енгізуді) жүзеге асыру;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      16. Басқарманың басшылығын Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      17. Басқарманың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Басқарманың басшысы мынадай өкілеттікті жүзеге асырады:

      1) өз орынбасарларының, Басқарманың құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының, қызметкерлерінің мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;

      2) Басқарманың штат санының лимиті шегінде Басқарманың штат кестесін бекітеді;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәртіптік жауапкершілік шараларын қолданады;

      5) Басқарманың құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшыларының орынбасарларын, Басқарманың қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;

      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер бойынша дербес жауаптылықта болады;

      8) Департаментке берілетін ақпараттардың дұрыстығына дербес жауаптылықта болады;

      9) өз құзыреті шегінде Басқарманың актілеріне қол қояды;

      10) барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманы білдіреді;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарманың басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Басқарманың мүлкi

      20. Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.

      Басқарманың мүлкі оның меншігіне берілген мүлік, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Басқармаға бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.