Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 1334 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасында:

      1 "Салықтық түсімдер" санатында:

      05 "Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар" сыныбында:

      3 "Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер" кіші сыныбында:

      мынадай мазмұндағы 17 ерекшелікпен толықтырылсын:

      "17 Цифрлық майнинг үшін төлемақы";

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:

      2 "Коммуналдық шаруашылық" функционалдық кіші тобында:

      810 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономиканың нақты секторы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      028 "Коммуналдық шаруашылығын дамыту" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен".

      2. "Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты мен Жәбірленушілерге өтемақы қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесі" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9760 болып тіркелген) бұйрығына толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты мен Жәбірленушілерге өтемақы қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесінде:

      1 "Салықтық түсімдер" санатында:

      05 "Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар" сыныбында:

      3 "Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер" кіші сыныбында:

      мынадай мазмұндағы ерекшеліктермен толықтырылсын:

      "

Цифрлық майнинг үшін төлемақы

1

05

3

17

100







      ".

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармақтың жетінші және сегізінші абзацтарын 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Е. Жамаубаев