"Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты мен Жәбірленушілерге өтемақы қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы минист

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № 761 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрық 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты мен Жәбірленушілерге өтемақы қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9760 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты мен Жәбірленушілерге өтемақы қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесінде:

      1 "Салықтық түсімдер" санатында:

      04 "Меншікке салынатын салықтар" сыныбында:

      5 "Бірыңғай жер салығы" кіші сыныбында:

      мына:

      "

Бірыңғай жер салығы

1

04

5

01



100

100




      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Бірыңғай жер салығы

1

04

5

01



100

100 (облыстық маңызы бар қала бюджетіне түсетін түсімдер)

100



      ";

      05 "Тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге салынатын ішкі салық" сыныбында:

      3 "Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер" кіші сыныбында:

      мына:

      "

Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем

1

05

3

15



100

100




      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем

1

05

3

15



100

100

100



      ";

      3 "Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер" санатында:

      03 "Жердi және материалдық емес активтердi сату" сыныбында:

      1 "Жерді сату" кіші сыныбында:

      мына:

      "

Жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер

3

03

1

01



100

100




      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер

3

03

1

01



100

100

100



      ";

      2 "Материалдық емес активтердi сату" кіші сыныбында:

      мына:

      "

Жер учаскелерін жалдау құқығын сату үшін төлем

3

03

2

02



100

100




      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Жер учаскелерін жалдау құқығын сату үшін төлем

3

03

2

02



100

100

100



      ".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Министр Е. Жамаубаев