"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы И

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 747 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 28 қазандағы № 561 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 28.10.2020 № 561 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 7 ақпандағы № 67 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр - Сұлтан қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Комитеттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр - Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт Тауэр" ғимараты.";

      осы бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тізбесінде:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр - Сұлтан қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;";

      осы бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр - Сұлтан қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр - Сұлтан қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент) "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Комитет) іске асыру, бақылау-қадағалау функцияларын, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етуді, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы (бұдан әрі - реттелетін салалар) мемлекеттік қадағалауды қамтамасыз етуді жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 010000, Нұр - Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Бөгенбай батыр даңғылы, 6А.

      9. Департаменттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр - Сұлтан қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттiк мекемесi.";

      16, 17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Департаментті Министрліктің Жауапты хатшысының бұйрығымен лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын Басшы - Нұр - Сұлтан қаласы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор басқарады.

      17. Нұр - Сұлтан қаласы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспектордың Министрліктің Жауапты хатшысының бұйрығымен лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасары болады.

      18. Нұр - Сұлтан қаласы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты ұйымдастырады және жүзеге асырады, Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.";

      20-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Осы мақсаттарда Нұр - Сұлтан қаласы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор:";

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3 "Б" шағын аудан, 16-ғимарат.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
Б. Атамқұлов