Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 25.07.2019 № 136 бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі – Ұлттық бюро) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ұлттық бюроның басшысы Қ.И. Сөнтаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға | А. Шпекбаев |
Қазақстан Республикасының | |
Мемлекеттік қызмет істері және | |
сыбайлас жемқорлыққа қарсы | |
іс-қимыл агенттігі төрағасының | |
2019 жылғы 6 наурыздағы | |
№ 60 бұйрығымен | |
бекітілген |
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 қазандағы № 6 бұйрығына (2016 жылы 27 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Ұлттық бюроның заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Сейфуллин көшесі, 37.".
2. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аумақтық органдары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 қазандағы № 7 бұйрығына (2016 жылы 28 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаменті туралы ереже" 14-қосымшада:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Департаменттің заңды мекенжайы: почта индексі 161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Тәуке Хан даңғылы, 78.";
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаменті туралы ереже" 15-қосымшада:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Департаменттің заңды мекенжайы: почта индексі 010000, Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Иманбаева көшесі, 16 а.".
3. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық департаменттері туралы ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 қазандағы № 10 бұйрығына (2016 жылы 27 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті туралы ереже" 15-қосымшада:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Департаменттің заңды мекенжайы: почта индексі 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Абай даңғылы, 33 а.".