БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9792 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"37) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 37-қосымшаға сәйкес;";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, № 2 кіреберіс.";
мынадай мазмұндағы 98) және 99) тармақшалармен толықтырылсын;
"98) ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаржылық жоспарлауды, есебін, қаржыландырылуын және есептілікті (мерзімдік және жылдық) жасауды ұйымдастыру;
99) азаматтық қорғау саласында құқықтық қамтамасыз етуді, сотта, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдар мен мекемелерде өкілдік етуді ұйымдастыру.";
Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер - аумақтық бөлімшелердің тізбесінде:
15 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті.
17. Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Алматы ауданының төтенше жағдайлар басқармасы.";
мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
"17-1. Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті "Байқоңыр" ауданының төтенше жағдайлар басқармасы.";
23 және 29 мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті "Есіл" ауданының төтенше жағдайлар басқармасы.
29. Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті "Сарыарқа" ауданының төтенше жағдайлар басқармасы.";
Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:
2, 3, 4, 5, 6, 9, 11, 12, 13, 14, 15 және 16-тармақтар алып тасталсын;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Апаттар медицинасы орталығы (Нұр-Сұлтан қаласы).";
20, 30 және 32-тармақтар алып тасталсын;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Нұр-Сұлтан қаласы).";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) Нұр-Сұлтан қаласы аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлінісі болып табылады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, "Сарыарқа" ауданы, Бейбітшілік көшесі, 22-үй.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі.";
29) және 30) тармақшалар алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлінісі болып табылады.";
29) және 30) тармақшалар алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлінісі болып табылады.";
29) және 30) тармақшалар алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеде:
27), 29) және 30) тармақшалар алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлінісі болып табылады.";
29) және 30) тармақшалар алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлінісі болып табылады.";
29) және 30) тармақшалар алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлінісі болып табылады.";
29) және 30) тармақшалар алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлінісі болып табылады.";
29) және 30) тармақшалар алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлінісі болып табылады.";
29) және 30) тармақшалар алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлінісі болып табылады.";
29) және 30) тармақшалар алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлінісі болып табылады.";
29) және 30) тармақшалар алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлінісі болып табылады.";
29) және 30) тармақшалар алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлінісі болып табылады.";
29) және 30) тармақшалар алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлінісі болып табылады.";
29) және 30) тармақшалар алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлінісі болып табылады.";
29) және 30) тармақшалар алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөліністеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлінісі болып табылады.";
30) және 31) тармақшалар алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлінісі болып табылады.";
28), 30) және 31) тармақшалар алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде, қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрыққа қол қойылған күннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
Е. Тургумбаев |